Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Өткен жылдың жазында 11 жастағы балаға шабуыл жасап, ауыр жарақат салған иттердің иесіне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокуратураның нұсқасы бойынша, айыпталушы өзінің иттері қауіпті екенін білген. Алайда ол ауланы дұрыс қоршамаған әрі жануарларды тиісті деңгейде бақыламаған. Соның салдарынан бала басынан, бетінен және денесінің басқа жерлерінен ауыр жарақат алған. Иттерді кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат тоқтатып, олардың екеуін пышақтап өлтірген.
Жәбірленуші баланың анасы оқиғадан кейін ұлының өмірі түбегейлі өзгергенін айтты.
«Маған қоңырау шалып, иттердің ұлымды талап тастағанын айтты. Жүгіріп барғанда қан-жоса болған баламды көрдім. Содан кейін Максим тұйықталып кетті, денесіндегі тыртықтарынан ұялады. Оған тағы бір пластикалық ота қажет», — деді Екатерина Бурмистрова.
Ал төбелесетін иттердің иесі өз кінәсін мойындамайды. Оның айтуынша, балалар иттерді өздері арандатқан. Сондай-ақ ол күшіктердің балаға мұндай ауыр жарақат салуы мүмкін емес екенін алға тартты.
Жәбірленуші ит иесінен шамамен 4,5 миллион теңге материалдық шығынды және 10 миллион теңге моральдық өтемақыны өндіріп беруді талап етіп отыр.
Айыпталушыға қатысты елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Ол абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру бабы бойынша сот алдында жауап беріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық