Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
Фото: Pexels
Атырауда полиция төрт баланың анасы, 42 жастағы Алмагүл Шымырованың аса қатыгездікпен өлтірілгенін тергеп жатыр. Қылмыс әйелдің өз пәтерінде жасалған. Негізгі күдікті – оның 38 жастағы азаматтық некедегі күйеуі, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұм шағын дүкеннің иесі болған. Туыстарының айтуынша, ер адам бұған дейін де үйде жиі жанжал шығаратын. Алмагүл Шымырова бірнеше рет полиция шақырғанымен, тәртіп бұзушы қайта оралып, бәрі қайталанатын болған.
Жақындарының сөзінше, күдікті тек төрт күн өткен соң ғана ұсталған. Қанды оқиғаға үш жасар қызы куә болған. Бүлдіршінді анасының мәйітінің жанында ұйықтап жатқан жерінен тапқан.
«Үлкен немеремнің шок болғаны соншалық, анасына жақындай алмады. Ол небәрі 16 жаста. Көзқарасы меңірейіп қалған еді. Ал кішкентай қыз алғашында мүлде сөйлемеді. Кейін: «Әкем анамды пышақпен ұрды» деді. Оның қалай болғанын көрсетіп берді. Полицейлерге де бәрін айтып берді. «Әкем анамды ұрды, анам айқайлады. Мен жыладым. Мен қатты жылай бастағанда әкем қашып кетті» деді. Біз суреттерін көрдік. Денесінде алдынан да, артынан да салынған 28 пышақ жарақаты болды. Ол еш аяусыз пышақтаған. Арқасында сау жер қалмаған. Тіпті тамағын да кесіп жіберген», деді марқұмның анасы Фатима Шымырова.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Марқұмның туыстары қыздарды өз қамқорлығына алмақ. Олардың айтуынша, ең алдымен үш жасар бүлдіршін мен 16 жастағы әпкесіне психологиялық көмек көрсетуге басымдық беріледі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық