Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
Коллаж Orda.kz
АҚШ пен Иран арасында ықтимал келісім жасалуы мүмкін деген ақпарат аясында әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл келісім Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қайта жандануына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде Brent маркалы мұнай бағасы шілде айының ортасынан бері алғаш рет 79 доллардан төмен түсті.
Астана уақытымен сағат 08:20-дағы жағдай бойынша, Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айына арналған фьючерстері 6,5%-ға арзандап, барреліне 78,25 долларға түсті. Ал америкалық WTI мұнайының қыркүйек айына арналған фьючерстері 7,28%-ға төмендеп, барреліне 74,49 доллар болды.
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтон мен Тегеран сейсенбі немесе сәрсенбі күндері келісімге келуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл келісім Ормуз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасын қалпына келтіруге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сонымен қатар ықтимал келісім Иранның ядролық бағдарламасына да қатысты болуы мүмкін. БАҚ мәліметінше, АҚШ Ираннан ядролық отынды сұйылтып, оны АҚШ-қа немесе басқа елге жою немесе бейбіт мақсатта пайдалану үшін беруді талап етіп отыр. Алайда келіссөздер күзге дейін немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін.
Ал Иран тарабы АҚШ-пен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарып, тек Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз кеме қатынасына қатысты Оманмен кеңесіп жатқанын мәлімдеген еді.
Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшылары мұнай бағасы мемлекеттік бюджет кірістеріне, Ұлттық қордың жағдайына және теңге бағамына тікелей әсер ететінін айтқан болатын. Мұнай нарығындағы тұрақсыздық экономика үшін тәуекелдерді күшейтеді.
Бағаның күрт өзгеруі инфляцияға, инвестициялық белсенділікке және қаржы нарығына әсер етеді. Мұнай табысына тәуелділік елді сыртқы күйзелістерге осал етеді.
Сонымен қатар 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте негізгі көрсеткіштер белгіленген. Мұнай бағасы барреліне 60 доллар, ал доллар бағамы 540 теңге деңгейінде қарастырылған. Осы көрсеткіштер негізінде экспорттық табыс, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік шығындар есептеледі.
Еске салсақ, шілдеде АҚШ он түн қатарынан Иранға оқ жаудырып, мұнай бағасы шарықтап кеткен болатын. Сол күндері Азиядағы сауда барысында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері 3 пайыздан астам қымбаттап, барреліне 90 доллардан асты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық