Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
Фото: Өзбекстан БАҚ-тары мұрағатынан
2023 жылы Швейцария прокуратурасы Гүлнәр Кәрімоваға айып таққан болатын. Сол кезде Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы халықаралық қылмыстық ұйымды басқарды, ақша жылыстатты, пара алды және жалған құжат жасады деп айыпталды. Швейцария прокурорлары шамамен 480 миллион доллар активтерді тәркілеуді сұраған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Швейцария прокуратурасының тергеуі 2012 жылы басталған.
Айыптау қорытындысына сәйкес, Гүлнәр Кәрімова 2001-2013 жылдар аралығында бірнеше ондаған адам мен көптеген компанияларды қамтитын «Офис» деп аталатын иерархиялық қылмыстық ұйым құрып, басқарған.
Швейцарияның Федералдық қылмыстық соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты. Шешім 28 сәуір күні Беллинцона қаласында қабылданды. Сот төрағасы Гүлнәр Кәрімова Өзбекстанда жаза өтеп жатқанын және 2028 жылдың желтоқсанына дейін елден шыға алмайтынын түсіндірді. Осыған байланысты сот іс бойынша үкімді талап қою мерзімі аяқталғанға дейін шығарып үлгермейді.
Еске салайық, Каримоваға сыбайлас жемқорлық, ақшаны жылыстату және қылмыстық ұйымды басқару айыптары тағылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол халықаралық телекоммуникациялық компаниялардан Өзбекстандағы ұялы байланыс операторларына лицензия беру үшін миллиардтаған доллар көлемінде пара алған.
Прокуратура мәліметінше, осы қаржының жүздеген миллионы Швейцарияда банктік шоттар, жылжымайтын мүлік, жалған компаниялар мен сейфтер арқылы жасырылып, заңдастырылған. Бұл әрекеттер 2005–2012 жылдар аралығында болған деп болжанады.
Сырттай сот процесі 27 сәуірде басталған. Каримовамен бірге іс бойынша оның жақын көмекшісі де өткен, ол қазір Ресейде жүр. Оның ісі де тоқтатылды. Ресей мен Швейцария арасында тікелей әуе рейстерінің болмауына және халықаралық тұтқындау ордерлеріне байланысты, ол үшінші ел арқылы ұшқанда ұсталып қалу қаупі бар.
Сонымен қатар, Женева қаласындағы Lombard Odier жеке банкіне және оның бұрынғы активтер басқарушысына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Прокуратура оларды Гүлнәр Кәрімованы заңсыз қаражатын қабылдады және ақшаны жылыстатудың алдын алу шараларын қолданбады деп айыптайды.
2025 жылдың шілдесінде БҰҰ-ның ерікті түрде қамауға алу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы Гүлнәр Кәрімованы қамау халықаралық нормаларға қайшы деп таныды. Алайда Өзбекстан билігі бұл қорытындымен келіспеді.
Гүлнәр Кәрімова 2014 жылғы 14 ақпанда ордерсіз ұсталып, бірден 15 жастағы баласымен бірге үйқамаққа алынған. Алғашқы бір жарым жыл бойы ол үйден шығуға және отбасы мен адвокатымен байланысуға мүмкіндік алмаған. 2015 жылдың тамызындағы сот отырысы «оның үйінің асүйінде, әскери киімдегі адамдардың қатысуымен» өткен.
Бұған дейін 2025 жылдың сәуірінде Өзбекстан Швейцарияда тәркіленген Кәрімова активтерінен 95 млн доллар алғаны хабарланған еді. Қаражат Uzbekistan Vision 2030 атты сенім қорына орналастырылған. Оның 43,5 млн доллары денсаулық сақтау саласына, тағы сонша қаржы білім беру саласына бағытталған. Жалпы, Швейцария Өзбекстанға 313 млн доллар қайтаруы тиіс.
Сондай-ақ 2025 жылдың қаңтарында Гүлнәр Кәрімованың жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Зангиата ауданы соты оны колониядан қоныс-колониясына ауыстырған. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, «ол бес-алты чемоданымен қуанышты күйде колониядан шыққан».
Оқи отырыңыз:
- Швейцария прокуратурасы Гүлнәр Кәрімоваға айып тақты
- БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты
- Швейцария Өзбекстанға Гүлнәр Карімованың 182 млн доллар активін қайтарады
Жаңалықтар
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ
- Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды
- Тоқаевқа бюджет қаражатын жымқырғандар туралы баяндалды
- Ұлытаудағы ауыл спортшылары спартакиадасы төбелеспен аяқталды
- Боралдайда 65 адам сушиден уланды: Санитарлық дәрігерлер асүйден не тапты?
- Қырғызстанмен шекарада кезек үшін жанжал шығарғандардың ісі сотқа жетті
- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі: Вашингтон мен Париж арасындағы шиеленіс ушықты
- ШҚО-дағы арал 10 млн долларға сатылатыны рас па?
- Алматыдағы «Гелик» қатысқан жол апатынан аман қалған әйелдің жағдайы белгілі болды
- Жолаушыларға лық толы ұшақта қуаттағыш жарылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды