АҚШ пен Иран бейбіт келісімнің соңғы нұсқасын келісіп жатыр
Коллаж: Оrda.kz
Бұл туралы Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф мәлімдеді. Оның айтуынша, Исламабад қазіргі уақытта екі елмен де тығыз байланыста жұмыс істеп, соңғы қадамдарды анықтауда, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бейбітшілік дәл қазіргідей жақын болған емес» деп жазды Шахбаз Шариф Х әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін кейбір ирандық БАҚ екі ел арасындағы болашақ «өзара түсіністік туралы меморандумның» негізгі тармақтарын жариялаған болатын:
- Соғысты барлық бағытта, соның ішінде Ливанда да дереу әрі түпкілікті тоқтату;
- Иранды қалпына келтіруге арналған кемінде 300 миллиард долларлық америкалық қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу;
- АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласпау міндеттемесі;
- 30 күн ішінде АҚШ-тың теңіз блокадасын алып тастауы және шекара маңындағы күштерін шығаруы, ал Иранның Ормуз бұғазын қайта ашу;
- 60 күн ішінде ядролық бағдарлама мен барлық америкалық санкцияларды жою жөнінде келіссөздер өткізу;
- АҚШ-тың Иранның бұғатталған 24 миллиард доллар активін босатып, оның жартысы ядролық келіссөздер басталғаннан кейін қайтару;
- Келісімнің орындалуын бақылайтын арнайы бақылау тетігін құру.
Кейін Дональд Трамп бұл ақпараттарды шындыққа жанаспайды деп, жазбаша келісілген шарттарға еш қатысы жоқ жалған мәлімет екенін мәлімдеді.
«Біз өте адал емес адамдармен жұмыс істеп отырмыз. Олармен адал түрде келісім жасау мүмкін емес. Бұған қоса, олардың кеше түнде Ормуз бұғазынан шығып бара жатқан үнді кемелеріне жасаған дрон шабуылы толық тойтарылғанымен, мүлде қабылдауға болмайтын әрекет. Олар тез арада өздерін қолға алғаны дұрыс!» деп жазды ол.
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи БАҚ өкілдерін Исламабадтағы «өзара түсіністік туралы меморандумның» мазмұнына қатысты алып-қашпа әңгімелерден бас тартуға шақырды. Оның сөзінше, құжат бұрын-соңды болмағандай аяқталуға жақын, ал оның егжей-тегжейі тиісті уақытта жарияланады.
Бұған дейін Трамп АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған келісім осы демалыс күндері-ақ қол қойылуы мүмкін екенін айтқан еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық