«Өзімді емес, оларды өлтіруді таңдадым»: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
Индонезияда қолға түскен ерлі-зайыпты түсірілген видеодан кадр
Атырау облысындағы атышулы отбасы қырғыны бойынша сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің видеожауабы жарияланды. Онда ол қайын жұртын өлтіру туралы шешімді алдын ала қабылдағанын, кейін із жасыру жоспарын құрып, марқұмдардың банк шоттары мен құжаттарын пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау облысы Жангелдин ауылында бес адамның өліміне қатысты резонанстық іс бойынша сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің тергеу кезіндегі жауаптары жарияланды. Видеожазбада ол қылмысқа қалай барғанын, құрбандарды қандай ретпен өлтіргенін, кейін ізін жасыру үшін қандай әрекет жасағанын және марқұмдардың ақшасына қалай қол жеткізгенін егжей-тегжейлі түсіндірген. Бейнежазбада Сәрсемалиевтің жылаған сәті де көрсетілген.
Тергеу материалдарына сәйкес, қайғылы оқиғаға Сәрсемәлиев пен жұбайының туыстары арасындағы ұзаққа созылған жанжал себеп болғанын бұған дейін де жаздық. Сотталушының айтуынша, ол әйелі Ақбаян және үш жасар қызымен бірге қайын жұртына барған кезде жағдай күрт шиеленіскен.
Сәрсемәлиевтің сөзінше, қайын атасы Мақсот Қарабалин мен қайын енесі Нәсіп Өтешқалиева оны үнемі кемсітіп, қыздарын өздерінің қолында қалдыруды талап еткен. Сондай-ақ қалған балаларын да алып кететіндерін айтып қорқытқан көрінеді.
Айыпталушы осы қысымнан кейін өзін өлтіруді ойлағанын айтты. Оның сөзінше, сарайға барып асылып өлмек болған, бірақ соңғы сәтте райынан қайтқан.
«Сарайда өзіме қол жұмсағым келді. Бірақ кейін ойымды өзгерттім. Әйелім мен балаларым менің қасымда қалуы керек деп шештім. Сол кезде оларды өлтіру туралы шешім қабылдадым. Іздерді қалай жоятынымды, ақшаларын қалай пайдаланатынымды алдын ала ойластыра бастадым», — деді Сәрсемалиев.
Бейнежазбада Сәрсемәлиев қылмыстың эмоция әсерімен емес, алдын ала жоспарланғанын да мойындайды. Оның айтуынша, ол тек кісі өлтіруді ғана емес, кейін ізін қалай жасыратынын да ойластырған. Өткен сот отырысында алғашқы құрбан жұбайының ағасы Наурыз Мұқанғалиев болғаны айтылған еді. Сәрсемәлиев оны өлтіргеннен кейін жеке куәлігін, банк карталарын және басқа да құжаттарын алып кеткенін айтқан. Осыдан кейін ол қалған туыстарын да өлтіруге бел буған.
Сотта көрсетілген видеода айыпталушы сарайдан қылмыс қаруы ретінде пайдаланатын пышақты алдын ала таңдап қойғанын айтады. Сонымен қатар ол қайын жұртының қаржысын пайдалану жоспарын да ертерек құра бастапты.
«Kaspi қосымшасына қалай кіруге болатынын ойладым. Ақшаларын пайдаланып, коммуналдық төлемдерді төлеп отырсам, ешкім күдіктенбейді деп есептедім», — дейді ол.
Айыпталушының сөзінше, қылмыстан кейін ауыл тұрғындары мен туыстары ештеңкеден күмәнданбауы үшін ол су, газ және жылу есептегіштерінің көрсеткіштерін жазып алып, кейін оларды шетінен түрде жіберіп отырған.
«Менің алдымда үш таңдау тұрды өзімді өлтіру, балаларды беру немесе оларды өлтіру. Шешім қабылдаған соң бәрін егжей-тегжейлі жоспарладым. Қосымшадағы төлем тарихын қарап, жеке шот нөмірлерін жазып алдым. Кейін үйде адамдар тұрып жатқандай көрінуі үшін есептегіш көрсеткіштерін жіберіп отырдым», — деді сотталушы.
Іс материалдарына сәйкес, Сәрсемәлиев біраз уақыт бойы марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің атынан коммуналдық қызметтердің көрсеткіштерін жолдап отырған. Ал төлемдерді қайын атасы Мақсот Қарабалиннің банк қосымшасы арқылы жасапты.
Еске сала кетейік, ол үйден үш жеке куәлік, үш банк картасы, екі алтын сақина, сондай-ақ жасырын жерде сақталған 60-70 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып кеткен. Ақшаның жанында банк карталарының құпиясөздері жазылған қағаз жатқан. Бұдан бөлек, ол қайын енесінің батырмалы телефонын да өзімен бірге алып кетіпті. Ең қатты соққыны балдызы Мейрамгүл Қарабалина алған бұған дейін сотта жарияланған мәліметтерге сәйкес, оны 32 рет аяусыз пышақтапты.
Оқи отырыңыз:
Атыраудағы қырылған отбасы: Күдіктінің жұбайы қылмысқа қатысы жоқ деп танылды
Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық