«Күзде жинайтын түк қалмайды»: Қарағандылық фермерлер киіктердің егінді жайпап жатқанына ашулы
Фото: Pixabay
Қарағанды облысының шаруалары киіктердің жаппай қаптауына байланысты дабыл қағуда. Олардың айтуынша, жабайы жануарлар егістік алқаптарын таптап, енді ғана көктеп келе жатқан өнімді таптап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz КТК телеарнасына сілтеп.
Әсіресе Нұра ауданындағы фермерлер жағдайдың ушығып кеткенін айтады. Олардың сөзінше, киіктер егістіктегі жас өскіндерді таптап тастаған, салдарынан өңір күзде өнімсіз қалуы мүмкін. Шаруалар түсірген бейнежазбаларда жануарлардың алқаптарда еркін жайылып жүргені көрінеді.
Ауыл шаруашылығы өндірушілері киіктерді егістіктен қуып шығу мүмкін болмай отырғанын жеткізді. Бұл жағдай оларды қатты алаңдатып отыр, өйткені еңбектің зая кету қаупі жоғары.
Айта кету керек, өткен жылы да дәл осындай жағдай тіркелген. Сол кезде Нұра және Осакаров аудандарында ондаған мың киік егістікті таптап, үлкен шығын келтірген. Ол кезде де жануарларды фермерлер де, ауыл тұрғындары да, тіпті мемлекеттік органдар да тоқтата алмаған.
Инспекторлардың мәліметінше, қазіргі таңда бұл аудандарда шамамен 8 мыңға жуық киік бар. Алайда мамандар киіктер егістікке әдейі кірмейді, көбіне суат маңында үй жануарларымен бірге жайылады деп түсіндіреді.
Сонымен қатар мамандар жақын арада көрші облыстардан тағы да ондаған мың киік көшіп келуі мүмкін екенін ескертуде. Қазір Орталық Қазақстан аумағында 130 мыңнан астам киік тіркелген.
Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Рашид Асқаровтың айтуынша, жағдайды бақылау үшін арнайы топтар құрылған.
«Бізде 9 топ жасақталған, 175 адам, 120 техника жұмылдырылды. Әдетте бұл жануарлар біздің аумақта көп болмайды, олар шілденің соңы – тамыздың басында пайда болады. Мысалы, Қостанайда киіктер саны бізден әлдеқайда көп дейді. Бірақ олардың қай бағытқа бұрылатынын нақты білмейміз», – деді ол.
Фермерлер болса, жағдай ушыға берсе, биылғы өнімнен айырылып қаламыз деп алаңдаулы.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық