Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 шілдеге дейін ұзартылды
Фото: tiek.kz
Алматы қаласының тергеу соты аса ірі көлемде қаржы жымқырды, жалған ақпарат таратты және Алматыдағы Баума тоғайында ағаш кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген белсенді Санжар Бокаевтің қамауда ұстау мерзімін 18 шілдеге дейін ұзартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол 18 наурыздан бері қамауда отыр. Бұл туралы оның адвокаты Радмир Утепов хабарлады.
«12 маусым күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қорғауымдағы Санжар Бокаевтың қамауда ұстау мерзімін тағы да 18 шілдеге дейін ұзартты. Өкінішке қарай, біздің өтінішіміз қанағаттандырылмады», – деді адвокат.
18 наурызда Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында заңсыз ағаш кескені және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлағаны туралы бейнематериалдарды жариялап, жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыруды көздеген.
Сонымен қатар, тергеу болжамынша, Боқаев ағаш кесуді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған және бұл іске «табысы төмен адамдарды» тартып, оларға сыйақы уәде еткен.
Санжар Боқаев – соңғы жылдары белсенді қоғамдық және саяси қызметімен танылған тұлға. 2000-жылдары мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Алматы қаласының ішкі саясат басқармасын басқарған. Кейін қоғамдық қызметпен айналысқан. Қаңтар оқиғаларынан кейін ол өз саяси партиясын тіркеуге талпыныс жасағанымен, нәтиже болмаған.
2023 жылы саясаткер мәжіліс сайлауына қатысып, оның нәтижелерін бұрмаланған деп есептеп, даулаған. Өткен жылы Алматыдағы қайта жөндеу жұмыстары кезіндегі заңбұзушылықтар туралы түсірген бейнероликтері бірнеше рет кең таралған.
Өткен жылдың соңында ол белсенділігін төмендетіп, биыл АҚШ-та жүргенін, бизнеспен айналысатынын және қоғамдық қызметін тоқтататынын мәлімдеген болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық