«Маған 10 миллион теңге ұсынды»: Әл-Фарабидегі жол апатынан кейін марқұмның әкесі мәлімдеме жасады
Коллаж ЖИ
Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан 20 жастағы Томирис Қыдырбектің әкесі сотталушыны кешірмейтінін және оған ең қатаң жаза тағайындалуына күш салатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Tengrinews.kz басылымына сұхбат берген марқұм қыздың әкесі күтпеген жерден тың мәлімдеме жасады. Бұған дейін сот барысында үш бірдей марқұмның туыстары айыпталушыны кешіргендерін жаздық. Томирис Қыдырбектің анасы материалдық және моральдық шығын үшін өтемақы алғанын растап, соттан Александр Пакқа шартты жаза тағайындауды сұраған еді.
Алайда марқұмның әкесі бұл ұстаныммен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, ол бұрынғы жұбайымен тоғыз жыл бұрын ажырасқан, соған қарамастан қызының тәрбиесімен өзі айналысқан екен.
«Тоғыз жылдан бері бұл әйелмен ажырасқанмын. Қызымды дүниеге келген күнінен бастап өзім бағып-қақтым, киіндірдім, оқыттым, тәрбиеледім. Ол менің тұңғышым еді. Мен жерлеу рәсімдерімен айналысып жүргенде, ол полицияға барып өзін жәбірленуші ретінде танытып, сот процесіне қатысып үлгерген», – деді әкесі.
Қыздың әкесі айыпталушы тарап бұрынғы жұбайына қомақты көлемде ақша төлегенін де мәлімдеді. Оның айтуынша, ақша оған да ұсынылған.
«Сотталушының анасы маған 10 миллион теңге ұсынды. Маған оның миллиондары керек емес, маған қызым керек. Мен ешқандай кешірім берген жоқпын және бермеймін. Таразға барып, оның ата-анасымен де кездестім. Әкесі менен көз жасын төгіп кешірім сұрады», – деді ол.
Неліктен марқұм қыздың әкесі сотталушының үйіне Тараз қаласына барғаны белгісіз. Марқұмның әкесі енді адвокат жалдап, құзырлы органдарға жүгінуге ниетті екенін айтты. Ол сотталушының заң аясында ең қатаң жаза алуына қол жеткізуге тырысатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгін сотталушы Александр Пак сот алдында жауап беру керек еді, алайда іске жаңа адвокаттың келуіне қатысты процес кейінге шегерілді.
Оқи отырыңыз:
Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісінен неге әлі жауап алынбады?
Әл-Фарабидегі жол апаты: Пакқа кешірім берген отбасылар саны тағы да толықты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық