Көкшетау қаласында саябақты өртемек болған шетелдіктің өзі жанып кете жаздады
Фото: Ашық дереккөзден
Көкшетауда 12 маусымға қараған түні орталық алаңда, Абылай хан ескерткіші маңында болған оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, сағат 01:05 шамасында мас шетел азаматы қоғамдық тәртіп бұзған. Оның әрекеті айналасындағыларға қауіп төндірген. Ол Орталық мәдениет және демалыс саябағының мүлкін өртемек болған.
Алайда өзінің қолапайсыздығынан ер адамның өзі отқа оранып, денесінің 80 пайызға дейінгі бөлігі күйіп, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Полицияның хабарлауынша, оқиғадан бір күн бұрын, яғни 11 маусымда бұл азамат қоғамдық орында мас жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Оған қоса, ол бұған дейін де қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін құқық қорғау органдарының назарына бірнеше рет іліккен екен.
Айта кетейік, нұсқалардың біріне сәйкес, шетелдік саябақтан полицияға бірнеше рет жеткізілгені үшін кек алу мақсатында өртемек болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу барысы Ақмола облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық