Алматы – Қорғас тас жолындағы бұзылған бетон көліктерге жаппай зақым келтіріп жатыр
Бейнеден кадр
Алматы – Қорғас тас жолында жолдан шығып тұрған бетон кесегі бірнеше көлікті зақымдады. Әлеуметтік желілерде Алматы – Қорғас («бетонка») тас жолынан түсірілген видео таралуда. Онда жол жабынының ақауына байланысты бірнеше көліктің зардап шеккені көрсетілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнероликке берілген түсіндірмеде Бәйдібек би ауылына бұрылысқа жетпей орналасқан жол бөлігінде бетонның бір бөлігі қауіп келтіріп, сыртқа шығып тұрғаны айтылған. Жүргізушілер жоғары жылдамдықпен келіп, сол кедергіге соғылып көліктері зақымданып жатыр.
Кадрларда жол жиегінде мәжбүрлі түрде тоқтаған көліктер көрінеді. Мәселен Jetour кроссоверінің дөңгелегі толық жарылып, дискісі зақымданған, Mercedes G-Class жол талғамайтын көлігінің жанармай багы тесілген, Hyundai көлігінің қозғалтқаш қорабына бетон тиіп, майы жерге ағып кеткен.
Жалпы алғанда, осы жол бөлігінде ақау салдарынан шамамен бес көлік тұрып қалған. Көлік иелерінің айтуынша, олар «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері мен полицияны 102 нөмірі арқылы шақырмақ болғанымен, нәтиже болмаған.
Сонымен қатар, оқиға орнынан өтіп бара жатқан екі патрульдік полиция көлігі уақыттарының жоқтығын алға тартып, тоқтап көмектесуден бас тартқаны айтылған.
Жолда қалған көлік иелері бұл бағытпен жүретін жүргізушілерге барынша мұқият болуды ескертіп, шырылдап жүр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық