Amanat өкілдері Adilet-ке қосылатынын ресми жариялады
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Amanat партиясы Әdilet партиясымен бірікті. Бұл мәселе Астана қаласында өткен партия съезінде талқыланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Amanat партиясының съезінде Әdilet партиясымен бірігу – саяси жүйенің табиғи дамуы ретінде аталды.
«Бүгінде елге жаңа бөліну емес, жаңа бірігу жағдайы қажет. Осы жауапты сәтте біз бірігіп, ресурстарымызды жаңа саяси партия – Әdilet пртиясымен ұштастыруымыз керек. Бір президентшіл күштің құрамында әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды бірге құруды жалғастырамыз. Біз өз қағидаттарымыздан, сенімдерімізден және идеяларымыздан бас тартпаймыз. Керісінше, оларды одан әрі күшейтіп, мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа даму деңгейіне шығарамыз», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Ал Мәжіліс депутаты, Amanat партиясының өкілі Үнзила Шапақ ықтимал бірігу қоғам мен мемлекет мүддесіне жұмыс істейтін саяси күштерді күшейтетінін айтты.
Оның сөзінше, қазіргі кезеңде ел мүддесі, тұрақтылық пен даму саяси келіспеушіліктерден жоғары тұруы тиіс.
«Әр партияның өз ұстанымы мен ерекшелігі бар. Алайда бізді біріктіретін ортақ құндылықтар әлдеқайда маңызды. Бұл – жаңа Конституцияда бекітілген әділетті мемлекет құру қағидаты, тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы, қауіпсіздігі, азаматтардың әл-ауқаты және келешек ұрпақтың болашағы. Сондықтан бұл қадам – саяси жүйенің табиғи дамуы және ел мүддесіне қызмет ететін күштердің ортақ мақсат жолында біріге алу қабілеті», – деді депутат.
Ол партиялардың бірігуін саяси жүйенің дамуындағы заңды кезең деп санайды. Айтуынша, Amanat реформаларды бірлесіп жалғастыруға, қоғам сенімін нығайтуға және елдің дамуына жұмыс істеуге дайын.
Жалпы, съезге қатысушылар бұл бастаманы қолдады. Партия съезінде шешім қабылданды.
Жиын кезінде мұндай қадам «Қазақстан дамуының стратегиялық міндеттемелерін сәтті жүзеге асыру үшін жинақталған тәжірибе, кадрлық және қоғамдық әлеуетті біріктіруге мүмкіндік беретіні» айтылды.
Партия төрағасы Ерлан Қошановтың түсіндіруінше, кейінгі жылдардағы өзгерістерге қарамастан халықтың санасында әлі күнге дейін «партияның өткеніне қатысты ассоциациялар» бар. Қазір Amanat дамудың жаңа кезеңіне шықты, елге бірлік пен ынтымақ қажет деді ол.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты