Ақмола облысында екі баланың анасын сталкер танысы қатыгездікпен ұрып өлтірді
Фото: nippon.com
Ақмола облысы аумағында қайғылы оқиға болды. Екі баланың анасын бұрынғы танысы соққыға жығып, қатыгездікпен ұрып өлтірді, Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралып, марқұмның туыстары істің әділ тергелуін талап етіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Туыстарының айтуынша, әйел біраз уақыт ер адаммен қарым-қатынаста болған. Алайда оның құбалмалы әрі қатыгез мінез-құлқын байқаған соң өткен күзде байланысын үзген. Соған қарамастан, ер адам оны мазалауды тоқтатпаған.
Жақындарының сөзінше, күдікті әртүрлі нөмірлерден қайта-қайта қоңырау шалған, жұмыс орнының маңында күтіп жүрген, әйелді аңдып, байланыс орнатуға тырысқан.
Бірнеше күн бұрын әйел бұрынғы танысымен кездесуге келісім берген. Туыстарының нұсқасына сәйкес, ер адам оны жалдамалы пәтерге апарып, сол жерде екеуінің арасында жанжал шыққан.
«Ол оны пәтерге апарып, түні бойы аяусыз соққыға жыққан», – дейді марқұмның туысы.
Соққыға жығылған әйелге медициналық көмек кеш көрсетілген. Жақындарының айтуынша, әйелдің хәлі ауыр болғанына қарамастан, күдікті жедел жәрдем шақырмаған.
«Ол есін жимай қалғанын түсінген кезде жедел жәрдем шақырудың орнына, пәтер мен денені қаннан тазалауға кіріскен. Осылайша, оның өмірін сақтап қалуға болатын уақытты жоғалтты», – дейді туыстары.
Кейін жедел жәрдем келгенде күдікті дәрігерлерге әйелдің батареяға соғылып жарақат алғанын айтқан. Алайда туыстары бұл нұсқаны жоққа шығарады.
Марқұмның алған жарақаттары аса ауыр болған, қабырғалары сынған, бауыры жыртылған, денесі мен беті көгеріп, гематомалар пайда болған.
Туыстары мұндай жарақаттарды кездейсоқ соққымен түсіндіру мүмкін емес екенін айтады. Отбасы қазіргі таңда іс «абайсызда адам өліміне әкелу» бабы бойынша қаралуы мүмкін деген ақпаратқа келіспейтінін жеткізді.
«Біз бұған үзілді-кесілді қарсымыз. Кінәлі адам жасаған қылмысына сай жаза алуы тиіс», – дейді марқұмның жақындары.
Марқұмнан 6 және 8 жастағы екі бала қалған. Туыстарының айтуынша, балалар төрт жыл бұрын әкесінен айырылған, енді анасынан да көз жазып отыр.
Ақмола облысы полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша жанжал кезінде ер адам әйелге ауыр дене жарақатын салған,
алған жарақат салдарынан әйел көз жұмған, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
- «Бұл – отбасылық мәселе»: Министрлік сәбиін қолына ұстап курьер болып жүрген анаға қатысты пікір білдіруден бас тартты
- Әскерде сарбаздарға психологиялық бейімделуге екі апта уақыт беріледі
- Қылмыстық амнистия: 16,5 мың адамның төрт мыңнан астамы қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық