Шерзаттың сотындағы жанжал: Істен шеттетілген адвокаттар жарыссөзге қатыспақшы болды
Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың қазасына қатысты сотта Мейірман Шекеев жәбірленушілердің құқығын қорғаудан шеттеткен Бағдат Амандосұлы мен Нұрболат Ибраев судьядан жарыссөзге қатыстыруды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, өткен аптада Бағдат Амандосұлы «Қан хайп құралы емес» деп Мейірман Шекеев бір емес, үш адвокатты Шерзаттың ісінен шеттеткеніне наразылығын әлеуметтік желіде айтқан еді.
«Бұл өтініш хат жеке тұлғаның атынан берілген, ал бұл кісі біздің істен шеттеуге қатысты өтініш хатты компанияның атынан беру керек деді», — деді Амандосұлы.
Алайда, судья олардан жәбірленуші тараптың құқығын қорғаудан тек Шекеев қана емес, сонымен қатар жәбірленушілердің өздері де бас тартып отырғанын айтып, жарыссөзге қатысуға рұқсат бермейтінін айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған тұлғаларға ауыр жаза тағайындауды сұрады.
Orda.kz тілшілері қоғамды дүрліктірген осы сот отырысына басынан бастап қатысып келе жатыр. Алғашқы сот отырыстарында 16 жасар бозбаланың өліміне қатысты сотқа жәбірленушілер мен куәгерлер келіп, мән-жайды баяндап берген еді.
Ал 6 мамыр күні Нұрғанатты заңсыз бейнежазбаға түсірген полицей қызметкері Медет Әділжанов пен айыпталушы Дархан Әскентай сот алдында жауап берді. Ал 15 мамыр күні күдікті, ағайынды Тоқтаубаевтар жауап берді. 16 мамыр 9 күдіктінің бесеуі жауабын берді. Олар оқиға орнына қалай барғанын және кімнің қандай әрекет жасағанын баяндады.
21 мамыр күні басты күдікті Абзал Шынасыл жауап беріп, өзінің пышақ сұқпағанын, Шерзатқа тиіспегенін айтты. Оның сөзінше, пышақты кім сұққанын көрмеген.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық