«Қан хайп құралы емес»: Шерзат ісіндегі адвокаттар неге қырық пышақ болды?
Фото: instagram/ Бағдат Амандосұлы
Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың соты қоғамда кең талқыланып, резонанс тудырды. Аяқталуға таяған бұл істің көлеңкесінде жәбірленуші тараптың адвокаттары арасында өзара келіспеушілік пайда болды. Мейірман Шекеев жетекшілік еткен қорғаушылар тобының мүшелері бірінен соң бірі істен шеттетіліп жатқаны туралы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Адвокат Бағдат Амандосұлы өзінің Instagram желісінде соттан неге кеткенін түсіндіріп, іс бойынша кей талаптарға келіспегенін айтты. Оның сөзінше, қорғаушылар тобына қосылу барысында мынадай талап қойылған:
«Сотта тек мен ғана сұхбат беремін, жұрт алдына тек мен шығамын. Кімде-кім маған қарсы шықса, істен шығарылады. Бұл – менің ісім. Сендер – жалдамалыларсыңдар».
Адвокат бұл сөздерді нақты кім айтқанын көрсетпегенімен, желі қолданушылары оны Мейірман Шекеевпен байланыстырып отыр.
«Менің жұмысымды иемденіп, кәсіби пікірім ескерусіз қалды. Кей әріптестерімнің қойған сұрақтары мен өтініштері үшін олар да істен шеттетілді. Бұл – кәсібилікке емес, эго мен монополияға негізделген тәсіл деп есептеймін. Мен бұған төзе алмаймын және көнбеймін. Себебі мен бұл іске біреудің имиджін көтеру үшін емес, ақиқатты табу үшін араластым», – деді Амандосұлы.
Оның айтуынша, бұған дейін Жандос Палманов пен Нұрболат Ибраев та істен шеттетілген. Айта кетейік, бұл қорғаушылар бастапқыда Шекеевтің командасы ретінде таныстырылған.
Адвокаттың айтуынша, кейбір адамдар бұл істі жеке танымалдыққа жету құралына айналдырмақ болған.
«Халық маған сенді. Істен шеттетілгенім үшін олардың көңілі қалды. Сол сенімді ақтау үшін барымды салдым. Бірақ мен біреудің көлеңкесінде қалғым келмейді. Себебі бұл істегі қан хайп құралы емес», – деп қорытындылады ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық