Шерзат ісі: Ағайынды Тоқтаубаевтар кімді аямай ұрды?

Елімізде резонанас тудырған Шерзат Полатқа қатысты сот отырысында бара-бара оқиға болған түннің айтылмаған деректері ашылып келеді. Orda.kz тілшісі 15 мамырда болған сот отырысынан хабар таратты. Ендеше күні бойы созылған соттың маңызды тұстарын қысқаша назарларыңызға ұсынамыз.
Алдымен судья Ержан Жанұзақов БАҚ өкілдерінен, соның ішінде блогерлерден үкім шыққанға дейін дәлелсіз ақпарат таратпауды сұрады. Сонымен қатар, судья ондай пікірлердің сотқа кедергі жасайтынын айтып, артық пікір білдіруден аулақ болуға шақырды.
Сотталушылардың бірінің адвокаты Марлен Дархан Әскентайдың фотосы желілерде тарауына байланысты наразылық білдірді. Сот төрағасы сотталушылардың өз рұқсатымен бет әлпеттерін көрсетеміз деді. Анықталғандай сотталушылардың тек төртеуі ғана өз бет-жүздерін көрсетуге қарсы болған екен.
Сонымен, сотта өткен отырыста сотталушылардан алғашқы болып жауап берген Дидар Әскентай жауабын жалғастырды. Сонымен қатар, сотта дүкеннің ішіндегі бейнебақылау камерасының және төбелес басталған тұстағы қарама-қарсы үйдің тұрғыны балконнан телефонға түсірген бейнежазбалары жарияланды. Дәл осы соңғы тұрғын үйден түсірілген бейнежазбада көмек сұрап жанұшыра айқайлаған «Жедел жәрдем шақырыңдар! Тоқтатыңдар!» деген айқайлар естіледі. Осы бейнежазбада күдіктілердің әрекеттері анық көрінеді.
Куәгер Мәмедованың бейнежазбасында Шерзатқа пышақ салынған соң, оны қорғауға ұмтылған Ғайыпбаевты Белғожаевтың, Шынасылдың, Ілиясовтің, Сакиевтің сүйретіп әкеткені көрінеді.
Прокурор Шынасыл мен Сакиевтің пышақ сұққанын мәлімдеді. Алайда сотталушылардың адвокаттары бұл тұжырыммен келіспей, дәлелсіз айыптаулардан бас тартуды сұрады.
Күдіктілердің адвокаттары істі қайта тергеуді сұрады
Сонымен қатар, сот отырысында айыпталушылардың қорғаушылары тергеу барысында алынған жауаптардың заңсыз екенін айтып, оларды жарамсыз деп тануды сұрады.
Адвокаттардың айтуынша, тергеу кезінде процессуалдық нормалар өрескел бұзылған. Атап айтқанда, жасөспірім күдіктілерге құқықтары толық түсіндірілмеген әрі процессуалдық қаулымен таныстырылмаған.
Алайда судья Жанұзақов қорғаушылардың бұл талап-арызын қанағаттандырмай, іс материалдарынан қандай да бір заңбұзушылық анықталмағанын мәлімдеді.
Судья мақұлдамады. Сондай-ақ айыпталушылардың бірі, алғаш жауап берген Дархан Әскентай өзінің екінші адвокаты Қалиевадан бас тартты. Дархан Әскентайдың одан «тергеу кезінде толық көмек көрсетпеді» деп, әрі оған сенімсіздік танытқан соң бас тартқанын оның екінші адвокаты Мәулен Ержанов жеткізді.
Нұрбол Тоқтаубаевтың жауабы
Сот отырысында екінші сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев жауап берді. Оның айтуынша, оқиға кезінде досы Дархан көмек сұрап, көзінен жарақат алғанын айтып, дүкенге шақырған. Ол өзін және інісі Азамат Тоқтаубаевты тергеушілердің ұрып-соққанын, қысым көргенін айтып, алғашқы жауабынан бас тартты.
Әуелі Нұрбол Тоқтаубаев өзіне Дархан Әскентайдың хабарласып «мені біреу ұрып кетті» деп көмек сұрап шақырғанын айтты.
«Мені біреу ұрып кетті деді. Қысқа-нұсқа ғана айтты. «Ұрып кетті, мені алып кетші» деді. Мен: «Қазір барамын» дедім. Даусы қобалжып тұрды. Көмек керек деп ойладым. Дүкеннің сыртында тұрды Дархан Әскентай. Бетінен қан ағып тұрды. Дарханның өзінен сұрадым. Ол «Дүкен сатушысының баласы ұрып тастады» деп жауап берді», — деді Нұрбол Тоқтаубаев.
Нұрбол осыдан кейін мән-жайды білу үшін дүкен иесімен сөйлеспек болып ішке кіргенін айтты.
«Ол: «Сенің досың ақша төлемеді» деп айтты. Ашулы болды. «Мен ұрдым» деді. Біресе, «балам ұрды» деді. «Жарайды, ақшасын төлемесе мен төлейін» дедім. «Қанша теңге төлемеді?» деп едім. «1000 теңге» деді. Мен артығымен 1500 теңге төледім», — деді Нұрбол Тоқтаубаев.
Сонымен қатар, адвокаттар соңғы сот отырыстарында жыр болып жүрген Чика деген кім деп сұрады. Оның айтуынша, осы жерде түсінбеушілік болған, Нұрбол Шыңғыс Белғожаевқа Чина деп атап хабарласқан дәл осы сөйлескен сәтін марқұм Ғайыпбаев естіген екен. Содан ол шатасып Чинаны Чика деп кетуі мүмін дегенді айтты Тоқтаубаев.
«Сол сәтте Нұрғанат біреулерге қоңырау шалып, шақырып жатты. Қаржаубай «Мен сені өлтіремін» деп жатты. Мен өзім сол кезде күйзелісте болдым, кішкене абдырап қалдым. Сонымен 6-7 шақты бала келді. Денелі мығым жігіттер. Мен туған ініме қоңырау шалған болатынмын. Қасымда Чина, яғни Шыңғыс деген жігіт бар ғой. Інімде телефон жоқ болған соң, сол Чинаға хабарласып, өзімнің інімді шақырғанмын. Сонымен балалар келді. Сөйтіп, төбелес басталып кетті. Мен дүкеннің ішінде тұрғанмын», — деді Нұрбол Тоқтаубаев.
Ол марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың мылтықты әуелі аспанға, екіншісін бұлардың аяғына атқанын айтты. Нұрбол Тоқтаубаевтың толық жауабын мына сілтемеден оқи аласыздар.
Судья Жанұзақовтың күдіктімен болған диалогтары да бүгін сотты тікелей эфирде бақылап отырған жұртшылықтың назарынан тыс қалмады.
Судья неге кетіп қалмағандарын сұрағанда ол Шерзаттың кешірім сұрағанын күткендерін айтты. «Шерзаттың кешірім сұрағаны қатты керек болды ма?» деп сұрағанда Тоқтаубаев үнсіз қалды.
Судья Жанұзақов айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевқа Ғайыпбаевты ұрғанына қатысты сұрақ қойды.
— Ғайыпбаевты тептіңіз. Бұл әрекетіңізді дұрыс деп ойлайсыз ба? — деді судья.
— Дұрыс деп санаймын. Себебі ол бізге мылтық атты, — деп жауап берді Тоқтаубаев.
Бірақ судья бұл жауаппен тоқтап қалмады.
— Ғайыпбаевты тептіңіз, ал полиция қызметкерлері сізді ұрды. Олардың әрекеті дұрыс емес па? — деді ол.
— Олар аяусыз ұрды, — деді Тоқтаубаев.
Судья:
— Сонда сіз аяушылықпен тептіңіз бе?
Бұл сұраққа Тоқтаубаев жауап бере алмады.
Ағайынды Тоқтаубаевтарды екіншісі Азамат жауап берді
Сот отырысында екінші айыпталушы, пробациялық бақылауда болған Азамат Тоқтаубаев жауап берді. Ол өзінің ағасы Нұрбол Тоқтаубаевты ұрып кетті деп ойлап қалып, қорыққанын айтты. Ол да Қаржаубайдың қолында пышақ болғанын айтты. Азамат Тоқтаубаевтың пробациялық бақылауға қарамай, түнгі уақытта жүргені белгілі болды. Ол өз сөзінде төбелеске қарай барғанын және оның қолына Нұрқияс Ілиясов қаруды бергенін, соны салып алып оқиға орнынан кетіп қалғанын мойындады.
Ол қаруды қолына Нұрқияс Ілиясовтың ұстатқанын мойындады. Кейін адам өлгенін естіп, қаруға мүлде жоламағанын айтты.
«Мен топтық төбелеске қарай енді бара жатқанда аяғымның астынан телефон тауып алдым. Қыздардың телефоны ма екен... Өзіміздің жігіттердің телефоны ма екен деген ниетпен телефонды аламын да, қайтадан төрт метр жүргенде алдымда Нұрқияс Ілиясов қолында қаруы бар, маған ұстатты. Қаруды мен де алдым да, өзіммен бірге Mersedes автокөлігіне салып алып кеттім. Біз «777» дүкеніне көлікпен кетіп қалдық. Ары қарай хабарлар естідім. Жедел жәрдем жүрді. Адам өлді деген хабар естідім. Мылтық атылып, оқ тиді ме екен деп мылтықтың қасына мүлде жоламадым. Мылтық автокөліктің ішінде болды», — деді Азамат Тоқтаубаев.
Азамат Тоқтаубаевтың жауаптарының толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.
Айта кетейік, сот отырысы ертең 16 мамыр жалғасады. Orda.kz сотқа қатысып, тікелей ақпарат таратуды жалғастырады.
Жаңалықтар
- Індет, токсикоз және тұншығу: Маңғыстаудағы каспий итбалықтарының жаппай қырылу себептері айтылды
- «Тәуелділік тәуекелі»: Ресей салған алғашқы АЭС-ке Қазақстан жалғыз иелік ете ала ма?
- Сарапшы Ерлан Батырбеков неге Қазақстанда АЭС-ті «Росатом» салады деген сұраққа жауап берді
- Алматы маңында пойыз бен жол талғамайтын көлік соқтығысты
- «30 миллиондық таңғы ас»: Бейбіт Атамқұловтың ұлы ірі қарыз үшін бизнесменмен соттасты
- Қазақстан Елшісі Зеленскийге сенім грамотасын тапсырды
- Әйгілі мұнайшы, қоғам қайраткері Жақсылық Жанғазиев дүниеден өтті
- Киіктерді қырғандар босатылады да Мәсімов пен есірткі жасырғыштар — шықпайды: жаппай амнистия кімдерге қатысты?
- Иран ядролық қарудан бас тартып, Израильге шабуыл жасауды тоқтатуға дайын
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай бағасы 200-300 долларға дейін көтеріледі
- Шілдеде қосымша демалыс күні болады
- Си Цзиньпиннің келуі Астанадағы кептелістерге себеп болады
- АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын Украинадан Таяу Шығысқа ауыстырды
- Израиль - Иран қақтығысы: Дубайдан шыға алмай қалған қазақстандықтар үйлеріне оралады
- Неліктен Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салады?
- Қазақстандағы мерзімінен бұрын парламент сайлауы — жай ғана қауесет пе, әлде шындық па?
- Айсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританиядағы әскери оқуы: Қазақстанның әуе қорғанысы Ресейге қаншалықты тәуелді?
- Жаман иісті жоғалтып, мердігерлерді жазалау керек: Сатыбалды Алматының тағы бір ауданын аралап көріп, тағы да көңілі толмады
- Иран Израильге зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар қолданып шабуыл жасады
- Қазақстан мен Ресейдің ботаник ғалымдары «мәңгілік шөбін» тауып, сенсациялық жаңалық ашты