Шерзаттың ісі: Күдіктілердің адвокаттары істі қайта тергеуді сұрады

2024 жылдың қазан айында елді дүр сілкіндірген 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша Талдықорғанда сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін сотта айыпталушы тараптың адвокаттары істі қайта тергеуді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға былтыр 4 қазан күні кешкі уақытта болған еді. Дүкенге бір топ адам келіп, жанжал туып, соңы 16 жастағы бозбаланың өліміне ұласты оның кеуде тұсына пышақпен соққы жасалды. Жәбірленуші көз жұмды. Бүгін осы істі қайта қарау жайлы ұсыныс айтылды.
Әуелі назарларыңызға айыпталушылардың тізімін ұсынсақ:
- 1. Абзал Шынасыл - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіру» (99-бап 2-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап);
- 2. Равиль Сакиев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап 2-бөлігі);
- 3. Шыңғыс Белғожаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- 4. Дархан Әскентай - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- 5. Нұрқияс Ілиясов - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- 6. Нұрбол Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- 7. Дидар Қалиахмет - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- 8. Азамат Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
- 9. Думан Ыскақ Кайдарұлы, кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.
Оқиға орнында болған Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекова және Санат Абдықадыр куәгер болып, сот алдында жауап берді. Санат Абдықадырдың жауабы марқұм жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаевтың жауабындағы Чиканың сөзімен ұқсас болып қалған еді. Сотты көріп отырған қазақстандықтан оны Чиканың өзі деп біліп, түрлі жағымсыз пікірлер жаза бастады. Тілшіміз осының анық-қанығын білу үшін Санат Абдықадырдың өзімен жолығып, сұхбаттасқан еді. Ол бәрін жоққа шығарып, «шыбынды да өлтірмейтінін» айтты.
Бүгінгі сот отырысында айыпталушылардың қорғаушылары тергеу барысында алынған жауаптардың заңсыз екенін айтып, оларды жарамсыз деп тануды сұрады.
Адвокаттардың айтуынша, тергеу кезінде процессуалдық нормалар өрескел бұзылған. Атап айтқанда, жасөспірім күдіктілерге құқықтары толық түсіндірілмеген әрі процессуалдық қаулымен таныстырылмаған.
Алайда судья Жанұзақов қорғаушылардың бұл талап-арызын қанағаттандырмай, іс материалдарынан қандай да бір заңбұзушылық анықталмағанын мәлімдеді.
Сот отырысы жалғасып жатыр. Бұған дейін бүгінгі сотта айғақ болған бейнежазбалар көрсетілді. Ол істің мән-жайын анықтап, куәгерлердің өтірігін әшкереледі.
Бұған дейін болған сот отырысында Нұрғанат Ғайыпбаевты бейнежазбаға жасырын, еш қаулысыз рұқсатсыз түсіріп алған Талғар криминалдық полиция бөлімінің басшысы міндетін атқаратын Медет Әділжановтың заң бұзғаны белгілі болған еді.
Сондай-ақ алдыңғы сот отырсында адвокаттар бірауыздан прокурор Дана Сәрсенбайды эмоцияға беріліп отыр деп, ауыстыруды сұраған еді. Сот бұл ұсынысты мақұлдамады. Айыпталушылардың бірі Дархан Әскентай сол сотта жауап берген болатын. Ол өзін марқұм Шерзат кастетпен ұрғанын осы сотта айтты. Бұған дейінгі тергеуде ол жайлы мүлде жақ ашпаған.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берді. Ол «хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген болатын. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтты.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Індет, токсикоз және тұншығу: Маңғыстаудағы каспий итбалықтарының жаппай қырылу себептері айтылды
- «Тәуелділік тәуекелі»: Ресей салған алғашқы АЭС-ке Қазақстан жалғыз иелік ете ала ма?
- Сарапшы Ерлан Батырбеков неге Қазақстанда АЭС-ті «Росатом» салады деген сұраққа жауап берді
- Алматы маңында пойыз бен жол талғамайтын көлік соқтығысты
- «30 миллиондық таңғы ас»: Бейбіт Атамқұловтың ұлы ірі қарыз үшін бизнесменмен соттасты
- Қазақстан Елшісі Зеленскийге сенім грамотасын тапсырды
- Әйгілі мұнайшы, қоғам қайраткері Жақсылық Жанғазиев дүниеден өтті
- Киіктерді қырғандар босатылады да Мәсімов пен есірткі жасырғыштар — шықпайды: жаппай амнистия кімдерге қатысты?
- Иран ядролық қарудан бас тартып, Израильге шабуыл жасауды тоқтатуға дайын
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай бағасы 200-300 долларға дейін көтеріледі
- Шілдеде қосымша демалыс күні болады
- Си Цзиньпиннің келуі Астанадағы кептелістерге себеп болады
- АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын Украинадан Таяу Шығысқа ауыстырды
- Израиль - Иран қақтығысы: Дубайдан шыға алмай қалған қазақстандықтар үйлеріне оралады
- Неліктен Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салады?
- Қазақстандағы мерзімінен бұрын парламент сайлауы — жай ғана қауесет пе, әлде шындық па?
- Айсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританиядағы әскери оқуы: Қазақстанның әуе қорғанысы Ресейге қаншалықты тәуелді?
- Жаман иісті жоғалтып, мердігерлерді жазалау керек: Сатыбалды Алматының тағы бір ауданын аралап көріп, тағы да көңілі толмады
- Иран Израильге зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар қолданып шабуыл жасады
- Қазақстан мен Ресейдің ботаник ғалымдары «мәңгілік шөбін» тауып, сенсациялық жаңалық ашты