Қазақстандық депутаттар мен ұлттық компания басшылары Түркиядан 42 пәтер сатып алған
Түркиядан бір жыл ішінде 42 Қазақстан азаматы баспана сатып алған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің кірістер комитеті мәлімдеді.
Баспана сатып алғандардың ұлттық компания мен холдинг басшыларына және депутаттар мен олардың жұбайлары екені белгілі болды. Azattyq Ruhy хабарлауынша, ашық дереккөздегі мәліметтерге сәйкес 2,5 мыңнан астам отандасымыз осыған дейін Анадолы елінен үй алған.
«2022 жылы мемлекеттік қызметшілерден басқа кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұлттық компаниялар мен холдингтердің, банктердің, қаржы және сақтандыру ұйымдарының басшылары, депутаттар, әкімдер, сондай-ақ мемлекеттік қызметке, мәслихат депутаттығына кандидаттар, аталған адамдардың жұбайлары және т.б. табыс пен мүлік туралы декларацияны алғаш рет ұсынды. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларда 42 жеке тұлға Түркияда тіркелген мүлікті көрсетті» деп жауап берді ҚР Қаржы министрлігі кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, соңғы он екі айдың ішінде Қазақстаннан ТМД елдеріне - 20 мың, өзге шет мемлекеттерге - 4 мың адам тұрақты тұру үшін қоныс аударған. Бұдан бөлек, Түркияға 97 адам көшіп кеткен. Ал уақытша тұруға кеткендердің саны әзірге нақтыланбаған.
Бұдан бөлек, Германияға - 2 530, Польшаға - 394, АҚШ-қа - 341 адам біржола көшіп кетті. Бір жылда Ресейге көшкендердің саны - 19 452 адамды құраса, Өзбекстанға кеткендері - 268, Беларусьқа - 238 адам көшкен.
Жаңалықтар
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді