Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
Фото: vprosvet.ru
Қазақстанда интернет пен әлеуметтік желілердегі заңға қайшы контентті анықтау және оның жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел бойынша 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство олардың тікелей эфир кезінде қандай заң бұзушылықтарға жол бергенін айтты.
«Көбірек қаралым, лайк пен донат жинау үшін олар боқауыз сөздер қолданады, әдепсіз әрекеттер көрсетеді, қауіпті пранктар ұйымдастырады және басқа адамдарды қорлайды. Мұндай контенттің күн сайын кең таралып, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық туғызады», деп мәлімдеді ІІМ.
Осындай эфирлердің көбі айыппұл арқалатып, қамаумен аяқталып жатыр.
Шымкент қаласында 48 жастағы Ербол Дүйсенбаев TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер қолданған. Сот оған 10 тәулікке қамау жазасын тағайындады.
Талдықорғанда 44 жастағы Гүлмира Қасенова TikTok-тағы эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, боқауыз сөздер айтқан. Бұған дейін де осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған. Бұл жолы сот оған әкімшілік айыппұл салды.
Павлодарда 26 жастағы Аслан Амантаев тікелей эфир кезінде көлік жүргізіп келе жатып, қауіпсіздік белдігін тақпаған және балағат сөздер қолданған. Сот оны 20 тәулікке қамауға алды.
Түркістанда bayan_kyz, fatima.sh0000 және fatima_s003 никнеймдерімен танымал Баян Шанкеева да жауапкершілікке тартылды. Ол эфир барысында боқауыз сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткен. Оған әкімшілік айыппұл салынды.
Еске салайық, біз бұған дейін стримерлер лайк, қаралым және донат жинау мақсатында бейәдеп сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсетіп, қауіпті пранктар ұйымдастырып, адамдарды қорлаған тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылғанын жазған едік. Сонда да «Атың шықпаса — жер өрте» дегендей стримерлер жаман әдеттерін қояр емес.
Бұған дейін ІІМ осындай жаман әдеттің алдын алу мақсатында треш-стримерлердің есімдерін жария түрде атайтынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ведомство әлеуметтік желілердегі анонимдік жауапкершіліктен босатпайтынын ескерткен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық