Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
Фото: Мукимжон Кадыров / УзА
Қырғызстан мен Өзбекстан Бұхараға қарасты болған Чоң-Қара және Таш-Төбе ауылдарын Бішкекке ресми түрде беру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды бастады. Ал Ташкентке көлемі жағынан осыған тең келетін жер телімдері берілді, деп хабарлайды Orda.kz 24.kg-ге сілтеп.
Бұл туралы Баткен облысындағы президент өкілдігі мәлімдеді. Жұмыстар Қырғызстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау және жер учаскелерімен алмасу жөніндегі келісімдер аясында жүргізілуде.
Екі елдің бірлескен жұмыс комиссиясының алғашқы отырысы 24 шілдеде Қадамжай ауданында өтті. Тараптар берілетін аумақ тұрғындарының азаматтық мәртебесін, көшіру мәселелерін, мүлік пен шаруашылық қызметке қатысты сұрақтарды және басқа да ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.
3 тамыздан бастап бірлескен жұмыс тобы тікелей ауылдарда жұмысын бастады. Мамандар тұрғындарды тіркеуден өткізіп, құжаттарды рәсімдеудің алдағы тәртібін түсіндіруде.
Чоң-Қара және Таш-Төбе ауылдарында негізінен этникалық қырғыздар тұрады. Алдын ала мәлімет бойынша, екі ауылдың халқы шамамен 2,5 мың адам.
Тіркеу аяқталғаннан кейін тұрғындарға Қырғызстан азаматтығын беру бойынша заңда қарастырылған рәсім басталады.
Өз кезегінде Қырғызстан Өзбекстанға жалпы аумағы 236 гектар болатын тең құнды жер учаскелерін береді. Бұл жерлер Сай — Таян автожолын салуға пайдаланылмақ.
Сонымен қатар Қырғызстан Тәжікстанмен де аумақ алмасу жоспарлап отыр.
Бұған дейін Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Қазақстанмен де тең құнды жер учаскелерімен алмасу мүмкіндігі туралы мәлімдеген болатын. Әңгіме Тоқмок қаласы маңындағы ұзындығы шамамен 800 метр жер телімі туралы болып отыр. Қырғыз тарапының айтуынша, бұл аумақ ақылы автожол салу үшін қажет.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық