Орал ежелден орыстың қаласы - шулы мәлімдемеден кейін тергеу басталды
Оралдың екі тұрғынының сепаратистік мәлімдемесі бойынша полиция тергеу бастады, деп хабарлайды «Уральская неделя» басылымы.
«Жүргізілген шаралар нәтижесінде 1990 жылы туған азамат «Р» және 1987 жылы туған азамат «К» анықталды. Екеуі де Орал қаласының тұрғындары. 2023 жылдың 14 ақпанында аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі «Ұлтаралық араздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы шеңберінде өзге мәліметтер жария етуге жатпайды» деп мәлімдеді БҚО полиция департаменті.
Күдіктілер мен блогер арасындағы диалог чат-рулетка ғаламтор желісінде орын алған. Ер адам Оралдың ежелден орыс қаласы екенін айтып, қазақ тілді қазақтарды «мәмбет» деп атап, Ресей Қазақстанға шабуыл жасаса, орыстарды қолдайтынын айтқан.
Ұсталғаннан кейін ол қазақстандықтардан кешірім сұрап, блогермен мас кезінде сөйлескенін алға тартқан.
Жаңалықтар
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді