«Нұрғанатты да, Шерзатты да, Қаржаубайды да ұрмадым»: Азамат Тоқтаубаев сотта жауап берді

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот өтіп жатыр. Сот отырысында екінші айыпталушы, пробациялық бақылауда болған Азамат Тоқтаубаев жауап берді. Ол өзінің ағасы Нұрбол Тоқтаубаевты ұрып кетті деп ойлап қалып, қорыққанын айтты. Ол да Қаржаубайдың қолында пышақ болғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Азамат Тоқтаубаевтың пробациялық бақылауға қарамай, түнгі уақытта жүргені белгілі болды. Ол өз сөзінде төбелеске қарай барғанын және оның қолына Нұрқияс Ілиясов қаруды бергенін, соны салып алып оқиға орнынан кетіп қалғанын мойындады.
«Мен Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы сол күні үйде болатынмын. Кешке қарай кешке қарай маған досым Шыңғыс үй жаққа келіп тұрғанын айтты. Сөйтіп денсаулығыма байланысты Талғар қаласына дәріханаға баруым керек болды. Шыңғысқа астында көлігі болғаннан кейін дәріханаға барып келуді өтіндім. Талғарға барайық деп отырған кезде менің досым, нақтысын білмеймін Нұрқияс Ілияс па, Сакиев Равиль ме, білмедім, маған хабарлады. Сөйтіп «Эйфория» кафесінде отырғандарын айтты. Амандасып кетейін деген ниетпен сонда барып, ішіне кірдік. Таныстарым, Сакиев Равиль, Шынасыл Абзал, Нұрқияс Ілияс және бұрын-соңды көрмеген екі бейтаныс қыз отырды. Барып амандасып отырған кезде туған ағам Тоқтаубаев Нұрболды көрдім. Арада 20 минут өткенде ол жоқ болып кетті. Сөйтіп бәріміз сағат 11 болғаннан кейін, кафе жабылайын дегенде үйге тарқайық деп жаттық. Екі қызды аялдамадан тастап, ары қарай үйге кетпек болғанбыз», — деді Азамат Тоқтаубаев.
Ол далаға шыққанда досы Белғожаев Шыңғыстың хабар бергенін айтты. Әуелде сөзді ұқпай, ағасы Нұрболды ұрып кетті деп қорыққанын айтты. Оның сөзіне қарасақ, ішіп жүріп бірдеңеге арандап қалмасын, анық-қанығын білейін деп барған.
«Жолда ондай адамдар тобын жинамадық, әдейі дайындалмадық, өзімізде пышақ болған жоқ. Құрметті сот, осыны назарға алсаңыз. Менделеев көшесіне келдік. Рөлде Шыңғыс, Нұрқияс, Равиль, мен және екі қыз, 6 адам болдық. Мен Абзалды көрмегеннен кейін оны үйіне кетіп қалды екен деп ойладым. Сөйтіп дүкеннің алдына келдік. Мен өмірімде бұл дүкенге кіріп көрмегенмін. Алдына келгенде бір топ, бір топ болғанда 8 шақты адам болды. Дархан Әскентай мен Тоқтаубаев Нұрбол ағамды қосқанда 8 шақты адам тұрды. Мен бірінші болып Ғайыпбаев Нұрқанатпен амандастым. Бұрын-соңды көрмегенмін, танымаймын. Бейнежазбадан әрекетімді қарасаңыз, төбелес шығаруға келмегенімді көресіз. Келіп, күліп құшақтап амандастым. Дарханның беті қан болып тұр екен. Дарханға не болды деп сұрадым. Жедел жәрдеммен ауруханаға барыңдар деген едім. Дүкенге кіргенде Қалиахмет Дидарды көрдім. Оны көрмегеніме 3 жыл болған, сонымен амандасу үшін кірдім. Бізбен келген 2 қыз бірінші кірді. Мен артынан кіріп хал-жағдай сұрасып тұрған кезде даладан жанжал, төбелес басталып кеткенін естідік», — деді Азамат Тоқтаубаев.
Ол мылтықты Нұрғанат Ғайыпбаевтың әуелі ет сататын дүңгіршекке, кейін аспанға атқанын айтты.
«Кенеттен далаға шыққанда төбелес басталып кеткен екен. Артыма қарасам Қаржаубай мырза қолында пышағы бар, тұр екен. Құрметті прокурор айтады, Белғожаев Шыңғыс, Тоқтаубаев Азамат ұрып-соқты дейді. Енді бұл жерде Қаржаубай мырза да айтқан болатын, Тоқтаубаев Азамат дүкеннің есігін теуіп мені ішке кіргізіп жіберді деп. Қазір міне анық болып жатыр, құрметті сот, сөйтем де мен Қаржаубай мырзаға айтам, маған жас көрінген соң «брат» дедім. «Брат, қолыңыздағы пышақты тастаңыз, мен өзім тізімде жүрген адаммын. Керек емес төбелес» деп айтып қалған сәтте қатты бір атылған мылтықтың дауысы естілді. Мен шошып кеттім де, селк етіп қашып кеттім. Қаржаубай мырза да шошып кетті. Мен Шыңғыстың көлігінің артына тығылып қалғанмын. Ағам жүрді. Ағамды атып тастамасын деп қолынан ұстап, қаңғып келген оқ тимесін дедім. Мен Ғайыпбаевтың екінші оқты салып жатқанын көрдім. Негізі ол бірінші оқты ет сататын дүңгіршекке атқан. Оқ менің артымнан өтті. Сездім. Екіншісін аспанға атты. «Тоқтаңдар» деп боқтың сөзбен атты. Балалар ары қарай жүгіріп кетті. Балалар төбелес болып жатқан жерде қалай ұрып жатқанын білмеймін, қасында тұрмадым», — деді Азамат Тоқтаубаев.
Ол қаруды қолына Нұрқияс Ілиясовтың ұстатқанын мойындады. Кейін адам өлгенін естіп, қаруға мүлде жоламағанын айтты.
«Мен топтық төбелеске қарай енді бара жатқанда аяғымның астынан телефон тауып алдым. Қыздардың телефоны ма екен... Өзіміздің жігіттердің телефоны ма екен деген ниетпен телефонды аламын да, қайтадан төрт метр жүргенде алдымда Нұрқияс Ілиясов қолында қаруы бар, маған ұстатты. Қаруды мен де алдым да, өзіммен бірге Mersedes автокөлігіне салып алып кеттім. Біз 777 дүкеніне көлікпен кетіп қалдық. Ары қарай хабарлар естідім. Жедел жәрдем жүрді. Адам өлді деген хабар естідім. Мылтық атылып, оқ тиді ме екен деп мылтықтың қасына мүлде жоламадым. Мылтық автокөліктің ішінде болды», — деді Азамат Тоқтаубаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін Азамат Тоқтаубаевтың ағасы Нұрбол Тоқтаубаев жауап берген болатын. Оның айтуынша, оқиға кезінде досы Дархан көмек сұрап, көзінен жарақат алғанын айтып, дүкенге шақырған. Ол өзін және інісі Азамат Тоқтаубаевты тергеушілердің ұрып-соққанын, қысым көргенін айтып, алғашқы жауабынан бас тартты.
Назар аударарлық жағдай: «Аяушылықпен тептім, хуторлық емеспін, пышақ ұстамадым» деген Нұрбол Тоқтаубаевты судья сөзінен ұстады.
Ал оның алдында Дархан Әскентай сот алдында жауап берген болатын. 4 қазан күні марқұм Шерзат оны жұдырықпен бір ұрған соң, Дархан Әскентай осы Нұрбол Тоқтаубаевты шақырған болатын. Сонымен дау шығып, бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. 9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Азат ауылындағы марқұм болған Шерзаттың отбасының үйі өртеніп кетті.
Назарларыңызға айыпталушылардың тізімін ұсынсақ:
1. Абзал Шынасыл - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіру» (99-бап 2-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап);
2. Равиль Сакиев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі), «Адам өлтіруге оқталу» (24-бап 2-бөлігі);
3. Шыңғыс Белғожаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
4. Дархан Әскентай - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
5. Нұрқияс Ілиясов - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
6. Нұрбол Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
7. Дидар Қалиахмет - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
8. Азамат Тоқтаубаев - «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі);
9. Думан Ыскақ Кайдарұлы - кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.
Оқиға орнында болған Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекова және Санат Абдықадыр куәгер болып, сот алдында жауап берді. Санат Абдықадырдың жауабы марқұм жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаевтың жауабындағы Чиканың сөзімен ұқсас болып қалған еді. Сотты көріп отырған қазақстандықтан оны Чиканың өзі деп біліп, түрлі жағымсыз пікірлер жаза бастады. Тілшіміз осының анық-қанығын білу үшін Санат Абдықадырдың өзімен жолығып, сұхбаттасқан еді. Ол бәрін жоққа шығарып, «шыбынды да өлтірмейтінін» айтты. Бүгін Нұрбол Тоқтаубаев сот барысында Чика деген лақап атты адамның кім екенін түсіндірді. Оның айтуынша Шыңғыс Белғожаевқа хабарласып, інісі Азамат Тоқтаубаевты шақырмақшы болған кезде оған Чина деп хабарласқанын Ғайыпбаев естіген екен. Оны Ғайыпбаев басқаша Чика деп есітіп, түсініспеушілік болды. Ал куәгер Санат Абдықадырдың төбелеске араласпағанын оның тікелей дүкенге кіріп кеткенін айтты.
Бұған дейін болған сот отырысында Нұрғанат Ғайыпбаевты бейнежазбаға жасырын, еш қаулысыз рұқсатсыз түсіріп алған Талғар криминалдық полиция бөлімінің басшысы міндетін атқаратын Медет Әділжановтың заң бұзғаны белгілі болған еді.
Сондай-ақ алдыңғы сот отырсында адвокаттар бірауыздан прокурор Дана Сәрсенбайды эмоцияға беріліп отыр деп, ауыстыруды сұраған еді. Сот бұл ұсынысты мақұлдамады. Айыпталушылардың бірі Дархан Әскентай сол сотта жауап берген болатын. Ол өзін марқұм Шерзат кастетпен ұрғанын осы сотта айтты. Бұған дейінгі тергеуде ол жайлы мүлде жақ ашпаған.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берді. Ол «хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген болатын. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтты.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Індет, токсикоз және тұншығу: Маңғыстаудағы каспий итбалықтарының жаппай қырылу себептері айтылды
- «Тәуелділік тәуекелі»: Ресей салған алғашқы АЭС-ке Қазақстан жалғыз иелік ете ала ма?
- Сарапшы Ерлан Батырбеков неге Қазақстанда АЭС-ті «Росатом» салады деген сұраққа жауап берді
- Алматы маңында пойыз бен жол талғамайтын көлік соқтығысты
- «30 миллиондық таңғы ас»: Бейбіт Атамқұловтың ұлы ірі қарыз үшін бизнесменмен соттасты
- Қазақстан Елшісі Зеленскийге сенім грамотасын тапсырды
- Әйгілі мұнайшы, қоғам қайраткері Жақсылық Жанғазиев дүниеден өтті
- Киіктерді қырғандар босатылады да Мәсімов пен есірткі жасырғыштар — шықпайды: жаппай амнистия кімдерге қатысты?
- Иран ядролық қарудан бас тартып, Израильге шабуыл жасауды тоқтатуға дайын
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай бағасы 200-300 долларға дейін көтеріледі
- Шілдеде қосымша демалыс күні болады
- Си Цзиньпиннің келуі Астанадағы кептелістерге себеп болады
- АҚШ әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын Украинадан Таяу Шығысқа ауыстырды
- Израиль - Иран қақтығысы: Дубайдан шыға алмай қалған қазақстандықтар үйлеріне оралады
- Неліктен Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салады?
- Қазақстандағы мерзімінен бұрын парламент сайлауы — жай ғана қауесет пе, әлде шындық па?
- Айсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританиядағы әскери оқуы: Қазақстанның әуе қорғанысы Ресейге қаншалықты тәуелді?
- Жаман иісті жоғалтып, мердігерлерді жазалау керек: Сатыбалды Алматының тағы бір ауданын аралап көріп, тағы да көңілі толмады
- Иран Израильге зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар қолданып шабуыл жасады
- Қазақстан мен Ресейдің ботаник ғалымдары «мәңгілік шөбін» тауып, сенсациялық жаңалық ашты