«Қандастар заңға бағынуы тиіс» — Тоқаев Талғардағы оқиға жайлы пікірін айтты
Коллаж: Orda.kz
Талғарда 4 қазан күні Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Болат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы оқиғаға қатысты «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында сөз қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әуелі Талғардағы оқиғаны тізбектеп айта кетсек. 4 қазанда 16 жасар Шерзат олардың «Қамажай» дүкеніне келген бір топ адаммен болған төбелестен соң, пышақ жарақатынан қаза болды.
Бұл оқиғадан соң әкесі мен Нұрқанат ағасы және туыстары әділ сот талап етіп, жақындарымен және бір топ адаммен Талғарда көшеге шығып, жолды жауып тастаған болатын. Осыдан кейін әкесі өзіне біреулердің қоқан-лоққы жасап жатқанын айтты. Кейін олардың үйі өртенді.
Ал тергеу ісіне келсек, 10 адам күдікті ретінде ұсталды. Сол кездегі екі әйел адам куәгер ретінде қалды. Бұзақылық, кісі өлтіру, қоқан-лоққы жасау, қылмысты құзырлы органдарға хабарламау сынды айыптармен қылмыстық іс қозғалды. 3 пышақ, 1 мылтық айғақ ретінде алынды
Ал 9 желтоқсан сот алдында Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі інісі Шерзат жерленген зират маңынан тізерлеп отырған күйі мойнында оралған сыммен табылды.
10 желтоқсан Қаржаубай Нұрымов ұсталып, 15 күнге қамалды. Қаржаубай Нұрымовқа қатысты полиция ҚР ҚК 202-бабы («Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша соталды тергеуді бастаған болатын. 25 желтоқсан Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты.
Еске сала кетсек, 12 желтоқсан Қаржаубайдың адвокаты полицияның сөзін жоққа шығарып, «хаттарды жариялауға отбасының рұқсат бермегенін және Қаржаубайды ұстауды сұрамағанын» мәлімдеді.
Бұл оқиға жайлы Тоқаев Талғар оқиғасына дейін жариялаған Жолдауында құқық қорғау органдарынан қылмыс пен қарақшылықтың тамырына балта шабуды талап еткенін айтты. Президенттің айтуынша, Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікті қылмыстық топтар жасағанын естен шығармаған жөн екенін айтты. Оның сөзінше, мемлекет ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес жүргізуге шамасы жететінін соңғы екі жылда анық көрсетті.
«Аса қауіпті қылмыстық топтар әшкереленіп, құрықталып жатыр. Олардың сыбайластары мен қаржы көздері де анықталып отыр. Былтыр 246 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 30 басшысы бар. Бұл жұмысты мен ерекше бақылауда ұстап отырмын», — деді Тоқаев.
Президент Талғардағы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қажетті шаралардың бәрін қабылдағанын, күдіктілердің қамауға алынғанын, тергеу ісі де аяқталып қалғанын айтты.
«Көп ұзамай осы іске қатысты сот болады. Бұл оқиғаға орай құзырлы органдар қабылдаған барлық шара заң талаптарына толық сай келеді», — деді Тоқаев.
Сонымен қатар Тоқаев Талғардағы оқиғаға саяси сипат беруге тырысқан топтардың дақпырт тарататынын атап өтті. Оның сөзінше қандастар шетелде заңға қалай бағынса, өз елінде де заңға бағынып, заңсыз әрекеттерден аулақ болуы қажет.
«Басқаның бәрі – құр дақпырт пен теріс пиғылды кейбір топтардың осы жағдайға саяси сипат беруге деген ұмтылысы ғана. Бұған жол беруге болмайды.
Осы оқиғаға қатысы бар азаматтар бойынша мына мәселені еске салғым келеді. Қазақ халқы шетелден келген отандастарын «қандасым» деп, құшақ жая қарсы алды. Тарихи Отанына оралғандар Қазақстан заңдарына қатаң бағынып, қоғамдық тәртіпті сақтап, заңсыз әрекеттерден аулақ болуы керек. Олар бұрын өздері тұрған елде биліктің талабын сақтап, ондай әрекет жасаған жоқ қой?!», — деді Тоқаев.
Еске сала кетсек, 10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап етіп, тіпті өз-өзін пышақпен жарақаттап тастады.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Сонымен қатар кейін ұсталған екі адам жайлы, күдіктілердің бірінің анасы БАҚ-та айтылып кеткен ұсталғандардың санын толтыру үшін ұлын жазықсыз қамағанын айтып мәлімдеме жасаған болатын.
Еске сала кетсек, бұл оқиға ел ішінде резонанс тудырды. Талғардағы шенеуніктер бірінен соң бірі орнынан кетті.
Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов 18 қазанда Бас прокурордың бұйрығымен атқаратын қызметтерінен босатылды.
15 қазан Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Сағындық Матан қызметінен босатылды. Дәл осы күні Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды.
Осы атышулы істе аты аталған «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың басшысы деген Хасан Қасымбаев Orda.kz тілшісіне сұхбат беріп өзінің ақ екенін, «заң бұзбағанын» айтқан болатын.
Алайда 4 қараша күні Алматы облысының құқық қорғау органдары күтпеген операция жүргізіп, Талғардағы атышулы Хасан Қасымбаевты 2021 жылы жасаған қылмысы үшін қамауға алды.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт