«Шерзат ісі»: Күдіктінің анасы әділ тергеу талап етті
Фото: Бейнеден кадр
Дау тудырған оқиғаға қатысы бар күдіктілердің бірінің анасы бейнеүндеу түсіріп, оның ұлы мен досы қылмыс орнында болмағанын мәлімдеді. Алайда, тергеу оларды қылмыс туралы дер кезінде полицияға хабарламағаны және оны жасағаны үшін айып тағатын баптар бойынша ұстап отыр. Анасы істі қайта қарап, әділ тергеу жүргізуді сұрайды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Санын толтыру үшін ұстады»
«Мен Қазакенова Ләйла, марқұмның отбасына көңіл айтқым келеді. Мен ана ретінде жақынынан айырылудың қандай екенін түсініп, қайғыға ортақтасамын. Осы оқиғаға қатысты мен президентке, ІІМ-ге, прокурорға жүгінгім келеді. Алғашында БАҚ беттерінде бұл оқиғада 7 адам ұсталды, кейін күдіктілер 13 адам деген дерек жазылды. Осы көп адамды ұстау үшін менің ұлымды Қазакенов Арлан мен Розбакиева Юлдашты нақақтан-нақақ ұстап кетті. Оларға қылмыс туралы айтпады және жасырды деген айып тақты. Шын мәнінде олар қылмыс орынында болған жоқ. Олар кейінірек келді. Бала қаза болғаннан кейін», — деді Қазакеновтың анасы.
Осыған байланысты Алматы облысының Полиция департаменті күдікті К. және тағы екі адамның ұсталғанын растады. Оларға ҚР ҚК 434-бабы бойынша «Қылмыс туралы хабарламау» айыбы тағылған. Полиция тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын және барлық қатысушыларға құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Аисов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғанын мәлімдеді. Ұсталғандардың кімдер екенін сол брифингте айтып берген еді.
Күні бойы күзетте отырған марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың көгерген жерлері жайлы айтқанын мына сілтемеден оқыңыз.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған бар оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық