«Шерзаттың отбасына көңіл айтамын»: Хасан Қасымбаев сұхбат берді
Фото: instagram / Хасан Қасымбаев
16 жасар Шерзат Болаттың өлімінен кейін қоғамда елдің 90-шы жылдардағыдай бұзақылық, баскесерлік әлі бар деген әңгіме тарап кетті. Талғар тұрғындары бұл қылмыс «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топқа қатысты деп отыр. Ал бұл топты ағайынды Хасан, Аслан және Ержан басқарады деген қауесет бар. Тергеу әлі жалғасып жатқанымен, полиция мұндай топтың барын жоққа шығарды. Алайда бұл жұрт арасында түрлі болжамдардың таралуына тосқауыл бола алмады.
Orda.kz тілшісі Хасан Қасымбаевты іздеп тауып, оны тек қылмыстық топ жетекшісі ғана емес, құқық қорғау органдары мен билікте таныстары бар қолы ұзын адам деген айыптарға қатысты пікірін тыңдады.
Қасымбаевтың кең аумағы бар зәулім үйі Талғарда орналасқан. Керемет үй ғана емес, ауласы да жақсы күтімде екені бірден көзге түседі. Мұнда бай адам тұратыны көзге ұрып тұр. Өзі бізді біраз қобалжып қарсы алды — журналистермен әңгімелесуге үйренбеген екен, бірақ сұрақтарға жауап беруге келісімін берді.
Жұрт Атаба, Баха Фестиваль, Сары Алмаз және Жабайы Арман сияқты белгілі криминалдық авторитеттер туралы естіген. Соңғы уақытта Талғар ауданын бақылап отырған «Хуторлықтар» деген қылмыстық топ бар екені туралы гу-гу әңгіме тарап кетті. Сізді сол топтың жетекшісі деп атайды. Бұл рас па?
— Бұл тек өсек-аяң, әлеуметтік желі қолданушылары ойдан шығарған жала. «Хуторлықтар» атауы бұрын Тұрар Рысқұлов ауылының Хутор деп аталуына байланысты. Мен ол жерден 2015 жылы көшіп кеттім, мені неге қылмыстық топтың жетекшісі деп атайтынын түсінбеймін. Заңды ешқашан бұзған емеспін.
Бұл қауесеттерді кім таратуы мүмкін деп ойлайсыз?
— Кімнің қауесет таратқанын білмеймін. Мен ешкімге зиян келтірген емеспін, ешкімнің бизнесін тартып алған жоқпын.
Өзіңіз туралы айтып беріңізші...
— Менің атым Қасымбаев Хасан Нұрғайыпұлы. Мен қазақпын, Ұлы жүздің Албан руынанмын. 1984 жылы Алматы облысы Райымбек ауданының Қарқара ауылында дүниеге келдім. 1998 жылы әкемнің жаңа жұмысқа ауысуына байланысты Талғар ауданының Тұрар Рысқұлов ауылына көшіп келдік. Мен сол жерде мектепті тәмамдадым. Кейін Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетіне түсіп, оқуымды аяқтаған соң Қызылорда облысында жұмыс істедім. 2011 жылы Талғарға оралып, кәсіпкерлікпен айналыса бастадым.
Қазіргі таңда немен айналысып жүрсіз?
— Менің бетон шығаратын зауытым бар. Цемент сатумен айналысамын.
Әлеуметтік желілерде сіздің жоғары лауазымда туыстарыңыз бар екені, олар сізге қатысты кез келген істі жаба алатыны туралы жазылды. Бұл рас па?
— Бұл шындыққа жанаспайды. Иә, менің ағам Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімінің аппаратын басқарады. Бірақ менің отбасымның құқық қорғау органдарына қатысы жоқ. Туысқандарым полицияда немесе прокуратурада жұмыс істемейді.
Кіші бауырыңыз Ержан сотталған екен. Ол не үшін жазаланды?
— Иә, 2017 жылы Ержан 14 жылға сотталды. Қазір ол жазасын түрмеде өтеп жатыр. (Ред. еск.: Ержан Қасымбаев кеденші Медет Жамашевті тапсырыспен өлтіргені үшін сотталған.)
Әлеуметтік желілерде таралған бауырыңыздың суреттері жайлы не дейсіз?

— Бұл біздің отбасы үшін өте ауыр тақырып. Бұл тұралы сөйлесу маған қиын. Бұл жайлы әңгімені қайта қозғамауды өтінемін.
Сіз марқұм Шерзат Болатты немесе оның отбасын танитын бе едіңіз?
— Бұл өте қайғылы жағдай. Мен оның ата-анасына көңіл айтамын. Баланы ата-анасының жерлеуі — кез келген адам үшін ауыр трагедия. Мұндайды жауыңа да тілемейсің. Мен Шерзат пен оның ата-анасын танымаймын, сондай-ақ күдіктілерді де білмеймін, себебі ауылдан 2015 жылы көшіп кеткенмін.
Сізді полицияға әкелген жағдайлар болды ма? Сіздің саусақ іздеріңіз алынған кездер болып пе еді?
— Жоқ, ешқашан болған емес. Мен құқық қорғау органдарына ұсталып еш уақытта істі болып көрмедім.

Әлеуметтік желілерде таралған қару-жарақпен және танымал адамдармен түскен суреттеріңізді қалай түсіндіресіз?

— Бұл суреттер бірнеше жыл бұрын түсірілген. Мен тек танымал спортшылармен және жұлдыздармен бірге суретке түскенмін. Ал қару-жарақпен түскен суреттер аңшылық кезінде түсірілді. Ал қару достарымдікі болатын.
Сізді бұрынғы Бас прокурор Жақып Асановпен байланысы бар дейді. Бұл рас па?
— Мен оны танымаймын және ол менің туысым емес. Қоғамға шындықты жеткізіп, мен және отбасым жайлы жалған ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тартуға шақырамын.
P.S. Егер сізде бұл іс бойынша нақты деректер немесе дәлелдер болса, бізге хабарласуыңызды өтінеміз. Біз ашық диалогқа және шындықты ашуға дайынбыз.
Сұхбаттасқан — Сандуғаш Дүйсенова
Жаңалықтар
- Танымал айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- ҚР СІМ АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза тапқанын ресми растады
- Молдахан: «Мен шындықты айтқанымды ғана мойындаймын»: Ұзабаев пен Шұмаев кешірім бере ме?
- Шалбарын шешпек болған: Шымкентте 8 жастағы қызға анайы қылық көрсеткен ер адам айыппұлмен құтылды
- Жангелдин трагедиясы: Күдікті қайын жұртын түгелдей қырып тастап, Меккеге барып құдайдан кешірім сұрамақ болған
- Жолаушылар тасымалы бағасының өсіп кеткеніне ҚТЖ не дейді?
- Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Мо Янның қос бірдей кітабы қазақ тілінде жарық көрді
- Ақтөбелік 62 жастағы зейнеткер «америкалық бойфрендіне» бар ақшасын аударып жіберген
- Нұрлан Сабуровтың отбасы Алматыда тұрақты тұру үшін көшіп келді ме?
- Жаңа заңмен бекітті: Виктор Орбан Венгрия үкіметін қайта басқара алмайды
- Цифрлық із: Қазақстандықтар eGov-та өз деректерін кім сұратқанын көре алады
- Қазақстаннан Қытайға уранды заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды
- Маңғыстауда Джеки Чан қатысқан фильмнің түсірілімі басталды
- Үй маңында көлік қоюға тыйым салынбайды: Министрлік жаңа ережені түсіндірді
- БАҚ: Польшада ресейлік суретші Семен Скрепецкийді атып кетті
- Петропавлда бойжеткен мешітке кіріп, имамның қалтасын қағып кетті
- Трамп Иранмен келісімге қол қою үшін Женеваға өзі баруы мүмкін екенін айтты
- ІІМ: «Kyzdar.net» интернет-сайтының түпкі бенефициарлары ұсталды
- Әл-Фарабидегі апат: Пак Zeekr көлігіне неліктен жалған нөмір тағып алғанын айтты
- Президент құттықтады: Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына жазылды