Бұл арандатушылық болуы мүмкін — Тұрлыханов ұлының төбелесі туралы
Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы, жаттықтырушы Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлының қатысуымен болған төбелеске қатысты пікір білдірді.
Алматыдағы мекемелердің бірінде танымал қазақстандық заңгерлер соққыға жығылды. Олар шабуыл жасаған адам Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы деп таныды.
Орда.kz тілшісіне берген сұхбатында Тұрлыханов сол кеште ұлының еңбек демалысында болғанын айтты. Ол өзінің әскери бөлімшесі орналасқан Жамбыл облысының Отар ауылынан Алматыға келген.
«Ол құрбысымен осы мекемеде болған, онда 10-11 ақпанда белгілі адвокаттардың қатысуымен оқиға орын алған. Менің ұлым ересек және өз ісіне өзі жауапты. Бұл жағдай үшін ол жауап береді деп ойлаймын. Мен тергеу жұмыстарына араласпаймын. Бұл әрекетті әдепсіздік деп санаймын. Ол жерде болған жоқпын, оқиғаға куә емеспін және тараптарды қолдамаймын. Қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып, тергеу жүріп жатыр, болған оқиғаға дұрыс баға береді деп ойлаймын. Әке ретінде ренжігенім рас. Менің ойымша, егер ол тракторшының немесе такси жүргізушінің баласы болса, мұндай резонанс тумас еді» деп жазды Дәулет Тұрлыханов.
Еске салайық, Дәулет Тұрлыханов №1 бір мандатты сайлау округі бойынша сегізінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттығына «АМАНАТ» партиясынан өз кандидатурасын ұсынған болатын. Ол күрделі бәсекелестікке тап болуы мүмкін. Басқа үміткерлер қатарында экс-сенатор Уәлихан Қайсаров, «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Жүсіп, экс-депутат Тәңірберген Бердоңғар бар.
Тұрлыхановтың өзі бұл оқиғаға саяси әрекеті себеп болған шығар деп есептейді.
Журналистің бұл жағдай Тұрлыхановтың саяси мансабына әсер ете ме, деген сұрағына ол былай деп жауап берді:
«Бәрі де мүмкін. Мүмкін әдейі ұйымдастырылған шығар».
Алматы полиция департаменті Orda.kz тілшісіне хабарлағандай, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
«Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті әскери адам болғандықтан, материалдар құзырлылығын анықтау үшін қалалық прокуратураға берілді» деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дәулет Тұрлыханов — кеңестік және қазақ грек-рим күресінің балуаны. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Күміс (1988) және қола (1992) Олимпиада жүлдегері. Азия ойындарының чемпионы (1994), Еуропа чемпионы (1987) және Әлем чемпионы (1989).
2021 жылдың желтоқсанында Дәулет Тұрлыханов Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып сайланды.
Жаңалықтар
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады
- Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу үдерісін ресми түрде бастады
- Интернет кеңістікті боғауыз «треш-стримерлерден» тазарту жалғасады
- 24 елдегі 131 университет: Қос дипломдық бағдарламаның көкжиегі кеңи түсті
- Елімізде 70 жыл бұрын жойылып кеткен жолбарыс табиғат аясына жіберілді