Белгілі ғалым Орал Ақшолақов қайтыс болды
Мұнай-газ саласында қызмет атқарған қазақ ғалымы, қазақ геологиялық барлауының негізін салушылардың бірі, қазіргі Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың әкесі Орал Ақшолақов қайтыс болды. Ақпаратты Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады.
Орал Ақшолақов 170-тен астам жарияланған және қолжазба ғылыми еңбектердің, сондай-ақ Қазақстан мұнай энциклопедиясының екі басылымының авторы. Ол1976 жылы «Каспий ойпатының оңтүстік бөлігіндегі мұнай-газ кен орындарының геологиялық құрылымы мен орналасуының ерекшеліктері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
Еңбек жолын 1958 жылы Батыс Қазақстан геологиялық басқармасы мен Гурьев кешенді аумақтық мұнай және газ барлау экспедициясының коллекторы болып бастады. Бірнеше жыл геологиялық экспедицияларда жұмыс істеді.
1992-1994 жылдары - Қазақстан Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бас мұнай-газ басқармасының бастығы қызметін атқарды.
1994 жылдан 1998 жылға дейін «ҚазМемлекеттік» РМК минералдық ресурстар бас басқармасы бастығының орынбасары болды.
Одан кейін бірнеше жыл «Степной Леопард» бірлескен кәсіпорнының бас директоры, «Тау-кен және экономикалық консалтинг» ЖШС бас маманы қызметтерін атқарды.
2003 жылдан бастап Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының құрылтайшысы және Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады