Айгүл Елшібаева өнер адамының депутат болуына қарсы
Белгілі дәстүрлі әнші өнер адамдарының көбі депутаттыққа мардымсыз жалақысына бола ұмтылады деп топшылады. Бұл туралы Айгүл Елшібаева әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Өнер адамының депутат болуына қарсымын. Өнер адамы мәдениет саласын басқарсын. Көбісі депутат болуға, мәдениеттің мардымсыз айлығынан қажығасын, жалақыға бола барады деп ойлаймын» деп жазды ол.
Халыққа танымал өнер иесі, ұлттық мәселелерді көтергенмен, ұлттық иделогия мемлекеттік деңгейде болмаған елде, саясатты ешкім қолдамайды деп ойлайды.
«Нұр Отанның Мирас қоғамдық кеңесінде мүше болғанмын. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне жапқан 15-ғасырдан Ақсақ Темірдің нұсқауымен жасалған, кілемге реставрация жасап, қалпына келтіру, тарихи жәдігерлерді халық игілігіне пайдалану туралы ұсыныстарым жоғары жаққа жолданады деп жиналыста қолдау тапқанымен жабулы қазан күйінде қалды.
Қазақтың Ұлттық идеология туралы мәселесін көтергенімде, басқа ұлт өкілдері, қазақша сәлемдескеннен соң, өз тіліне көшіп, біздің құқығымыз қорғалмайды, өзге ұлт деп атағаны ұнамайды. Қазақтың суын ішіп, ауасын жұтып отырып, мәдени орталығың бар, өз дініңде, өз ұлттық киіміңді киіп отырып, «құқығымыз қорғалмайды» дегенге таң қалдым. Қазақтың жерінде отырып, өз ұлтыңның мәдениетін насихаттап жүрсең, саған өзге ұлт демей, не деу керек?
Сен қазақтай киініп, қазақтың салт-дәстүрін ұстасаң, сенің қазақтан айырмаң болмаса, сені кім өзге ұлт деп айтады? Осыны жиналыстың уақыт регламенті жетпей, келесі жиналыста айтам деп жүргенде, кеңестің құрамы таратылып кетті. Екінші күмәнді мәселе - өткір сөйлейтін адамның ондай кеңеске қажеті жоқ екенін білдім. Жиналыста көтерген мәселелер нәтижесі болмаса, құр жиналыстың қажеті жоқ.Осы мәселені Аманат партиясының төрағасы Қошанов мырзаның жаңа жасағы ескерсе екен деймін.
Өнер адамы не үшін билікке ұмтылады? Саны бар сапасы жоқ, аузы буулы өгіз күйінде отырған, айналасына жақсы атты депутатты көргенде, ақының да жыршың да, мынаның қасында тіл білем, халықтың жанайқайын жеткіземін деп барады емес пе?
Жазушы Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шахановтар депутат болғанда, біздер айтуын айтқанмен, «ол жер мен айтты екен деп, қолдай салатын жер емес екен» дегенін сұхбаттарынан оқыдық. Алла аса талантты қып жаратып, милионның ішінде өнер бергесін, халыққа бергенін қайтару сауапты іс. Сайқал саясатпен халық алдында сиың кетпесін» деген ойын білдірді әнші.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды
- «Қарғысты қайтарамыз»: Қарағандылық зейнеткер алаяқтарға 15 млн теңгесін өз қолымен ұстатқан
- eGov.kz жүйесіндегі бөгде аккаунт ашылып кеткен жағдай тексеріліп жатыр
- Қарин өнер өкілдерін қорғап, әншілерді «шайтанның жаршылары» деген ер адамды айыптады
- Тоғыз тонналық титан құймасын ұрлады деген күдікті 10 жылдан кейін Алматыда ұсталды
- Саида Мирзиёева президент әкімшілігінің «қызметкер» мысықтарын көрсетті
- Келесі жылдан бастап шетелдіктердің елге кіруі ақылы болады
- Отырарда Алтын Орда дәуіріне тиесілі ең көне мешіт табылды
- Роза Әлқожа әншілерді «шайтанның азаншысы» деген қонақтың сөзіне шамданды
- Сөзіне «берік» Трамп Иранды «екіжүзді» деп айыптады