Журналист Сандуғаш Дүйсенованың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды
Талдықорғанда қамауға алынған журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Бұл туралы Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Белгілі болғандай, журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚК 147-бабының 5-бөлігі).
2023 жылғы 14 тамызда Дүйсенованы қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев шешім қабылдағаны хабарланды.
«Оның уәждерін ескере отырып, прокуратура қылмыстық істі қарауға сұрады. Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігіне сәйкес, қылмыстық жауаптылық нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда туындайды. Бұл жерде БАҚ-та жеке мәліметтерді заңсыз тарату болып отыр.
Сонымен қатар, тергеу органы заңда белгіленген мерзімде жәбірленушіге елеулі зиян келтіргенін растайтын жеткілікті нақты деректер алмаған»делінген Жетісу облысы прокуратурасы хабарламасында.
Ресми мәліметке сәйкес, Талдықорған қаласы прокуроры қаулысымен іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды (ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы).
«Бұл ретте, ӘҚБтК жеке деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу үшін, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, жауапкершілік көзделген.
Сондықтан, материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес оларды қарау үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға жолданды»делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.
Еске салсақ, 11 тамызда Талдықорғанда полиция белгілі блогер, журналист және азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенованы ұстады. 12 тамыз күні таңертең Дүйсенова кепілмен босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды