ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
Фото: gov.kz
Ішкі істер министрлігі «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген соңғы өзгерістерге қатысты түсініктеме беріп, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек тексерілген ақпаратты таратуға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Құралай Қарина жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуіне қатысты қандай өзгерістер бар екенін түсіндірді.
«Жүргізушілердің медициналық тексеруден өту талабы жаңа норма емес. Ол 2014 жылдан бері, «Жол қозғалысы туралы» заң күшіне енген кезден бастап қолданыста. Енді Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің деректер базалары біріктірілді. Соның нәтижесінде міндетті медициналық тексеруден өту туралы мәліметтер екі ведомство арасында дереу алмасады», – деді ол.
ІІМ өкілдері 65 жастан асқан жүргізушілерге қойылатын талаптарды да түсіндірді.
«65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге екі жылда бір рет стандартты медициналық тексеруден өту жеткілікті. Оның нәтижелері жүйеде автоматты түрде көрінеді, сондықтан қосымша анықтамалар жинаудың немесе арнайы өтініш берудің қажеті жоқ.
Жүргізуші куәлігін ұзарту үшін бөлек жүгінудің немесе ІІМ-ге хабарлаудың да қажеті жоқ. Азаматтарды тыныштандырғымыз келеді, ешқандай жаңа бюрократиялық рәсімдер енгізілмейді. Барлығы барынша қарапайым әрі ыңғайлы», – деді ол
Сондай-ақ құқық қорғау органдары блогерлер мен ақпараттық алаң иелеріне үндеу жасады.
«Блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеміз және жарияланымдарға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Дұрыс түсіндірілмеген мәліметтер азаматтарды шатастыруы мүмкін. Сондықтан тек мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына сүйенуді ұсынамыз. Біз әрдайым түсіндіруге дайынбыз», – деп атап өтті ведомство өкілі.
Еске сала кетейік, 25 тамыздан бастап «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұған дейін ІІМ бұл түзетулерге қатысты түсініктеме берген болатын.
2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің тізбесін кеңейтетін өзгерістер күшіне енеді. Жаңа нормаларға сәйкес, жүргізуші куәлігінен айыруға әкелетін қосымша екі жағдай енгізіледі. Оны мына жерден оқисыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық