Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
Коллаж: ЖИ
Алматылық «Қайрат» футбол клубы еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы матчын Түркістанда өткізетін болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, матчтың ауыстырылуына америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті себеп болған. Концертті 14 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өткізу жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін концерт ұйымдастырушылары әртістің дәл осы стадионда өнер көрсететінін жариялап, билет сату сервисі жақын арада билеттердің сатылымы басталатынын хабарлаған болатын. Алайда «Қайрат» клубы бұл күннің өздерімен келісілмегенін мәлімдеген еді.
Нәтижесінде концерт пен еурокубок күнтізбесінің тығыздығына байланысты клуб өз матчтарын өз аренасында өткізе алмайтын болды.
Соңғы күндері «Қайрат» өкілдері УЕФА-ға матч өтетін орынды өзгерту туралы өтініш жасап, Еуропалық футбол қауымдастығы бұл өтінішті мақұлдады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық