ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Еуропалық одақ Google компаниясына цифрлық ережелерді бұзғаны үшін 890 млн еуро айыппұл салды. Еурокомиссия 2024 жылдың наурызында басталған тергеуді аяқтап, компанияны Цифрлық нарықтар туралы актінің (DMA) талаптарын бұзды деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Реттеушінің мәліметінше, Google іздеу нәтижелерінде өзінің қызметтеріне — Google Shopping, Google Hotels және Google Flights — басымдық беріп, бәсекелес сервистердің көрінуін шектеген. Сонымен қатар компания қосымша әзірлеушілерге пайдаланушыларға балама төлем тәсілдері мен қосымша дүкенінен тыс тиімді ұсыныстар туралы хабарлауға кедергі келтірген.
Еурокомиссия Google-ға 60 күн ішінде анықталған заңбұзушылықтарды жоюды міндеттеді. Егер бұл талап орындалмаса, компанияға әлемдік жылдық табысының 5%-ына дейін қосымша айыппұл салынуы мүмкін.
Google бұл шешіммен келіспейтінін мәлімдеді. Компанияның жаһандық мәселелер жөніндегі президенті Кент Уокер ЕО талап етіп отырған өзгерістер сервистердің сапасын төмендетіп, еуропалық пайдаланушылар мен бизнеске кері әсер етуі мүмкін екенін айтты. Қазіргі таңда компания өзгерістерді сынақтан өткізіп жатыр, алайда айыппұлға шағым түсіре ме, жоқ па — әзірге нақтылаған жоқ.
Брюссельдің бұл шешімі ЕО мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі шиеленістіруі мүмкін. Дональд Трамп әкімшілігі бұған дейін америкалық технологиялық компанияларға қатысты еуропалық реттеуді сынға алып, қолданыстағы сауда режимінің мерзімі аяқталған соң жаңа сауда баждарын енгізуді жоспарлап отырғанын айтқан еді.
Айта кетейік, бұған дейін Еуропалық одақ соты Google-ға салынған 4,1 млрд еуро көлеміндегі айыппұлды күшінде қалдырған болатын. Тергеу барысында компания Android операциялық жүйесінің танымалдығын пайдаланып, бәсекелестерді шектеуге тырысқаны анықталған.
Атап айтқанда, Google смартфон өндірушілеріне Google Play дүкенін пайдалану үшін Google Search іздеу жүйесі мен Chrome браузерін міндетті түрде алдын ала орнатуды талап еткен.
Бұған дейін 600-ден астам Google қызметкері корпорацияның бас директоры Сундар Пичайға үндеу жолдап, Пентагонға Google әзірлеген Gemini нейрожелісін құпия деректермен жұмыс істеу үшін пайдалануға тыйым салуды талап етті.
Еске салсақ, елімізде президенттің тапсырмасымен елімізде жасанды интеллект университеті құрылатын болды. Ол Астанадағы EXPO аумағында орналасады. Астанадағы EXPO аумағында ашылатын жаңа жасанды интеллект университетінде оқу 2026 жылдың қыркүйегінде басталады.
Дәрежесі бойынша бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын оқытады. Оқыту жүйесі AI+X қағидаты бойынша, яғни жасанды интеллектіні медицина, қаржы және энергетикаға енгізу.
Оқи отырыңыз:
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Google корпорациясы телеарналарға айыппұл төлейді
- Microsoft, Apple және Tesla: Иран АҚШ-пен байланысы бар алпауыт компаниялардың күлін көкке ұшырмақ
- Астанада жаңа AI Research University ашылады: Болашақта ЖИ үлесі арта түседі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық