АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
Фото: Pixabay
АҚШ бірқатар елдердің тауарларына қосымша 12,5 пайыздық баж салығын енгізіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл шешім Вашингтонның кей елдерде мәжбүрлі еңбекпен өндірілген өнімдердің импортына қойылатын шектеулермен байланысты талаптарына қатысты екенін Ақ үй мәлімдеді.
Меморандумға АҚШ президенті Дональд Трамп 23 шілдеде қол қойған. Жаңа сауда шаралары Қазақстанды қоса алғанда 59 экономикаға қатысты қабылданды. Олардың қатарында Қытай, Ресей, Австралия, Бразилия, Израиль, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері бар.
Қазақстан үшін баж мөлшері қандай болатынына тоқталсақ, тізімдегі елдердің басым бөлігіне, соның ішінде Қазақстанға, 12,5 пайыз көлемінде қосымша баж салығы белгіленді. Бұл мөлшер қолданыстағы америкалық импорттық баждарға қосымша ретінде есептеледі.
Жаңа талап 2026 жылғы 24 шілдеден бастап АҚШ аумағына тұтыну үшін әкелінетін немесе кеден қоймасынан шығарылатын тауарларға қатысты қолданылады.
Бұл тергеу 2026 жылғы 12 наурызда АҚШ-тың 1974 жылғы Сауда туралы заңының 301-бөліміне сәйкес басталған болатын. Америка билігі 60 елдің мәжбүрлі еңбекпен толық немесе ішінара өндірілген тауарларды импорттауға тыйым салу деңгейін және мұндай шектеулердің қаншалықты тиімді қолданылатынын зерттеген.
2 маусымда АҚШ-тың сауда өкілі қаралған елдердің әрекеттері немесе әрекетсіздігі Америка саудасына кері әсер ететінін және жауап шараларын қабылдауға негіз болатынын мәлімдеді.
Айта кету керек, АҚШ Қазақстанның тек жекелеген тауарларын ғана мәжбүрлі еңбекпен өндірілген деп таныған. Негізгі ескертулер мұндай өнімдерді Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салатын заңнамалар мен бақылау тетіктеріне қатысты.
Қосымша 10 пайыздық баж 17 экономикаға белгіленді. Олардың қатарында Аргентина, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Эквадор, Сальвадор, Гватемала, Гондурас, Үндістан, Индонезия, Иордания, Малайзия, Мексика, Пәкістан, Шри-Ланка, Ұлыбритания, сондай-ақ Тринидад пен Тобаго бар.
Еуропалық одақ пен Тайвань үшін жалпы баж мөлшері 10 пайыздан аспауы тиіс. Ал Жапония, Оңтүстік Корея және Швейцария үшін осыған ұқсас тетік енгізіліп, шекті мөлшер 12,5 пайыз болып белгіленген.
Дегенмен бұл арлық тауарларға бірдей әсер етпейді. Меморандумда кейбір тауар санаттары қосымша баждан босатылатыны көрсетілген. Атап өтетін болсақ:
- АҚШ-та жеткілікті көлемде өндірілмейтін өнімдер;
- тапшылығы ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін тауарлар;
- басқа жеткізушілерден жеткілікті көлемде сатып алу мүмкін емес өнімдер;
- баж енгізу тиісті елдің заңнамасын өзгертуге ықпал етпейтін тауарлар.
Қазақстан үшін де тізімдегі елдерге ортақ бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олардың қатарында кейбір гуманитарлық тауарлар, ақпараттық материалдар, энергетикалық және өнеркәсіптік өнімдердің жекелеген түрлері, сондай-ақ арнайы америкалық сауда режимдеріне жататын тауарлар бар.
АҚШ-тың сауда өкілі кейіннен баж мөлшерін немесе жеңілдіктерді өзгертуі не толықтай алып тастауы мүмкін екенін айтты. Бұл елдердің мәжбүрлі еңбекке қатысты заңнамасы мен бақылау тетіктерін қайта қарауына байланысты болады.
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі жағдайды зерделеп, ресми түсініктеме дайындап жатқны белгілі болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық