Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
Фото: gov.kz
Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов аудандық соты ірі көлемде бірнеше рет жасалған алаяқтық дерегі бойынша айыпталған азаматшаға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1) және 4) тармақтары бойынша қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылы сотталушы білім беру мекемелеріне А4 форматындағы қағаз жеткізумен айналысқан. Алайда ол ірі мәміледен сәтсіздікке ұшырап, өзі де алаяқтардың құрбанына айналған. Соның салдарынан тапсырыс берушілер алдындағы міндеттемелерін орындай алмаған.
Кейін қаржылық қиындықтарды жабу мақсатында ол таныстарын «тиімді инвестиция» және «жоғары табыс» уәделерімен алдап, олардан ақша алған. Нәтижесінде бірнеше жәбірленушіге жалпы 25 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.
Сотқа дейінгі тергеу барысында айыпталушы келтірілген шығынның бір бөлігін өтегенімен, 12,3 миллион теңге өтелмей қалған. Оның кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, сондай-ақ заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді.
Мемлекеттік айыптаушы соттан рақымшылық туралы заңды қолдана отырып, сотталушыны 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.
Өз кезегінде айыпталушы кінәсін ішінара мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол залалдың бір бөлігін өтегенін және асырауында төрт жас баласы бар екенін жеткізді.
Жәбірленушілердің басым бөлігі айыптауды қолдады. Олардың кейбірі азаматтық талаптардан бас тартып, ақшаның үшінші тұлғалар арқылы берілгенін алға тартып, азаматтық тәртіпте сотқа жүгінетінін мәлімдеді. Ал бір жәбірленуші соттан кәмелетке толмаған балаларының болуын ескеріп, сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот үкімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес жаза мерзімі төрттен біріне қысқартылып, түпкілікті 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жаза өтеу 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық