АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
Фото: cryptofans.ru
Ұйықтап тұрып, кешегі уәдесінен оп-оңай айни салатын Трамп тағы да жаңа шарт қойды. АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім 20 жылға созылған дайындықтан кейін қол қойылғанымен, көп ұзамай дауға ұласты, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында бұл келісімнің «толықтай бір шартқа тәуелді» екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Сауд Арабиясы Авраам келісіміне қосылуы тиіс екен. Бұл туралы CNN және басқа да әлем БАҚ-тары хабарлады.
Келісім төңірегіндегі түсініспеушілік әдеттегідей АҚШ президентінің бірдеңенің ұшын шығарып алып, артынан өз шартын қоятын саяси айласына қатысты болса керек. Басылымның жазуынша, келісім айналасында көптеген түсініксіз жайттар пайда болған.
Дональд Трамп енді бұл құжат Сауд Арабиясына уран байытуға мүмкіндік береді деген ақпаратты жоққа шығарып, Энергетика министрі Крис Райттың бұл келісім туралы өзіне алдын ала хабар бермегеніне наразылық білдірген.
Журналистердің сұрағына жауап берген Трамп:
«Біз бұл мәселені талқылаған жоқпыз. Бірақ бәріне белгілі еді — әрі Крис те, Сауд Арабиясы да білді, егер олар Авраам келісіміне қосылмаса, мен ешқандай келісім жасамаймын», – деді.
Ал АҚШ Энергетика министрлігі келіссөз Ақ үймен де, Мемлекеттік департаментпен де толық үйлестірілгенін айтып, мұндай ақпаратты «жалған» деп атады.
Дереккөздердің мәліметінше, Ақ үйде туындаған түсініспеушіліктен кейін кінәні Энергетика министрлігіне арта салған. Ведомствоға келісімді жарияламау ұсынылғанымен, министр Крис Райт оны бәрібір жариялап жіберген, соның ішінде Fox Business телеарнасында да өзі мәлімдеген.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, келісім әлі толық аяғына дейін рәсімделмеген. Конгреске қажетті құжаттар жіберілмеген. Тіпті президент пен оның жақын кеңесшілері келісім жүргізу шешіміне наразы болғаны да айтылды.
Келісім сарапшылар мен журналистер тарапынан да күмәнмен қабылданды. Әсіресе ядролық қаруды таратпау мәселесімен айналысатын мамандар уран байытуға рұқсат беру ықтималдығына және қосымша қауіпсіздік кепілдіктерінің жоқтығына алаңдаушылық білдірді.
Ал келісімді қолдаушылар оның коммерциялық және стратегиялық артықшылықтарына назар аударады. Олардың пікірінше, АҚШ Сауд Арабиясымен ынтымақтастық орнатып, оның қауіпсіздік саясатына ықпал ете алады және Қытай мен Ресейдің ықтимал араласуын шектейді.
Сауд Арабиясының реакциясына тоқталатын болсақ, CNN мәліметінше, Трамптың жаңа шарты Эр-Рияд үшін күтпеген жағдай болды. Себебі Сауд Арабиясы үшін реттеу талабынсыз жасалған келісім үлкен жетістік саналған. Құжат белгілі бір шарт арқылы ел аумағында уран байытуға мүмкіндік беріп, сонымен қатар МАГАТЭ инспекцияларының мүмкіндігін шектеген.
Келісімге қатысты жағдай өзгергеннен кейін, бірқатар сарапшылар Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың ықтимал ықпалын да жоққа шығармайды. Израиль Сауд Арабиясының ядролық бағдарламасына әрдайым күмәнмен қарайтыны белгілі.
Алайда Ақ үй Трамптың бұл мәселе бойынша Нетаньяхумен сөйлеспегенін мәлімдеді. Израиль, өзі ядролық қаруға ие мемлекет ретінде, араб елдерінің ядролық қару алуына мүмкіндік беретін кез келген келісімге қарсы.
Еске сала кетейік, АҚШ пен Сауд Арабиясы ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді Конгреске ұсынған болатын. Құжат күшіне енуі үшін Конгрестің мақұлдауы қажет, оған шамамен 90 күн қарастырылған.
Келісімді тоқтату үшін Конгресс бірлескен қарсылық қарарын қабылдауы тиіс. Егер президент оған вето қойса, оны еңсеру үшін екі палатаның үштен екі дауысы қажет болады.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Сауд Арабиясының бейбіт ядролық бағдарламасын дамыту туралы келісімді мақұлданғаны туралы ақпарат тараған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық