Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
Фото: minval.az
Еуропалық одақ Қытай компанияларына қарсы санкция енгізгеннен кейін Қытай да ЕО-ға қарасты 14 ұйымды экспорттық бақылау тізіміне енгізіп, экспортты шектеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл шешім туралы Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі мәлімдеді. Қытайлық экспорттаушыларға тізімге енген ұйымдарға азаматтық та, әскери мақсатта да қолданылуы мүмкін тауарларды жеткізуге тыйым салынды.
«Экспорттаушыларға осы 14 ұйымға екі мақсаттағы тауарларды жеткізуге тыйым салынады. Бұрын басталған барлық жеткізілімдер дереу тоқтатылуы тиіс» деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ шетелдік компаниялар мен жеке тұлғаларға да Қытайдан шыққан екі мақсаттағы тауарларды бұл ұйымдарға беруге тыйым салынды. Ерекше жағдайларда экспорттаушылар ҚХР Сауда министрлігінен арнайы рұқсат сұрай алады.
Министрлік бұл шешімді Қытайдың ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындау қажеттілігімен түсіндірді.
Шектеулер 24 шілдеден бастап күшіне енді.
Қытай бұл шараларды Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетін қабылдағаннан кейін бір күн өткен соң жариялады.
Еуроодақ 51 компанияға қатысты экспорттық шектеулерді күшейтті. Олардың бір бөлігі Қытайда, соның ішінде Гонконгта, сондай-ақ Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан.
Еске салсақ, былтыр дәл осындай жағдай АҚШ пен Қытай арасында болып, Қытай үшін баж салығы 145 пайыз дейін көтерілген еді. Ал Трамп сол кезде басқа елдермен 90 күнде келісім жасауды жоспарлап отырғанын, тарифтер 10 пайызға дейін көтерілгенімен, баж салығын қолдануды тоқтатқанын айтқан болатын.
Сонымен қатар АҚШ кеше бірқатар елдердің тауарларына қосымша 12,5 пайыздық баж салығын енгізді. Соның ішінде Қазақстанға да 12,5 пайыз көлемінде қосымша баж салығы белгіленді. Бұл мөлшер қолданыстағы америкалық импорттық баждарға қосымша ретінде есептеледі.
Жаңа талап 2026 жылғы 24 шілдеден бастап АҚШ аумағына тұтыну үшін әкелінетін немесе кеден қоймасынан шығарылатын тауарларға қатысты қолданылады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық