Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
Фото: Әлеуметтік желіден
Төпеп жауған нөсер жаңбырдан кейін Астана көшелерінен жоғалған мемлекеттік нөмір белгілері табылып жатыр. Полицияға мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (МТНБ) жоғалтып алғандарын айтып жүздеген адам шағым түсірген, деп хабарлайды Orda.kz.
Нөсерден кейінгі табылған нөмірлер туралы астаналықтар Threads желісінде бөлісе бастаған. Адамдар табылған нөмірлердің суреттерін жариялап, ал көлік иелері өздерінің жоғалған белгілері туралы жазып, оларды біреу тауып алған шығар деген үміт білдіруде.
Бұл жағдайға Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Қалада нөсерлі жауын-шашын мен жолдардың кейбір учаскелерін су басуына байланысты полицияға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жоғалту фактілері бойынша азаматтардан 100-ден астам өтініш түсті», деп хабарлады ведомство.
Тәртіп сақшылары көлік иелері нөмір жоғалған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.
«Мемлекеттік нөмір белгісі жоғалған жағдайда көлік иесі дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласуы тиіс. Егер нөмір табылса, полиция қызметкерлері иесіне оны қай жерден алуға болатыны туралы хабарлайды. Егер мемлекеттік нөмір белгісін табу мүмкін болмаса, көлік иесі заңнамада белгіленген тәртіппен жаңа нөмір алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінуі қажет» деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ жүргізушілерге өз көлігіне тиесілі емес мемлекеттік нөмір белгісін пайдалануға қатаң тыйым салынатыны да ескертілді.
Айта кетейік, бөтен немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен көлік басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Бұдан бөлек, полиция көшеден біреудің нөмірін тауып алған тұрғындарға да үндеу жасады.
«Азаматтарды табылған мемлекеттік нөмір белгілерін өздерінде қалдырмай, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне тапсыруға немесе 102 нөмірі арқылы хабарлауға шақырамыз. Бұл олардың заңды иелеріне қайтарылуына көмектеседі», деп мәлімдеді полиция.
Еске сала кетейік, 23 шілдеде Астанада қатты нөсер жаңбыр жауған болатын. Біз 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырғанын жаздық. Қысқа уақыт ішінде жауған қатты жауын-шашын салдарынан көшелерді су басып, кейбір жолдар шағын көлге айналды. Тұрғындар әлеуметтік желілерде суға толған көшелер мен жүріп өтуге қиын жолдардың бейнежазбаларын жаппай бөлісіп, жағдайдың күрделілігін көрсетті
Енді елордада оның салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық