«Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
Фото: freepik.com
«Алтыналмас» АҚ-ның өндірістік нысандарының бірі саналатын «Пустынное» тау-кен байыту кешені аумағында жұмысшы қаза тапты. Компания өкілдері жазатайым оқиға болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай 23 шілде күні шамамен сағат 11:30-да болған. Қаза тапқан адам – конвейер машинисі Кәрім Рымбаев.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Компания марқұмның отбасына көңіл айтып, жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.
Айта кетейік, 2024 жылы да «Алтыналмас» АҚ кәсіпорнында өндірістегі тағы бір жазатайым оқиға тіркелген еді. Жамбыл облысындағы тау-кен байыту кешенінде тау жынысы опырылып, бір адам үйінді астында қалған.
Сол кезде компанияның баспасөз қызметі оқиға орнына жедел түрде авариялық-құтқару жасағы жетіп, іздестіру-құтқару жұмыстары басталғанын хабарлаған.
«Компанияда жазатайым оқиға бойынша тергеу басталды. Үйінді астында қалған жұмысшыны іздеу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылып, арнайы комиссия оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр» деп мәлімдеген еді компания өкілдері сол кезде.
Алайда тау жыныстарының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайларға байланысты опырылған аймаққа қол жеткізу қиын болған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық