Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Джиу-джитсудан 2023 жылғы әлем чемпионаты Улан-Баторда (Моңғолия) өтуде. Жарыстың екінші күні қазақстандық Жеңіс Нұрлыбаевқа тең келер ешкім болмады, ол өзінің әлем чемпионатындағы екінші алтынын алды.
Биылғы әлем чемпионатына 41 елден 500-ден астам қатысушы келді. Үштөбелік (Алматы облысы) спортшы Жеңіс Нұрлыбаев спорттық мансабында екінші рет жарыс «алтынын» жеңіп алды. Ол алғаш рет екі жыл бұрын Абу-Дабиде (БАӘ) үздік атанды.
Ұлан-Баторда Жеңіс Нұрлыбаев (56 келі) «жекпе-жек» түрінен әлемнің ең мықты спортшысы болып танылды. Дәл осы салмақта тағы бір қазақстандық Самат Сәрсенұлы қола жүлдеге қол жеткізді.
Джиу-джитсудан әлем чемпионатының басталған күні де қоржынымызға көптеген марапаттар түсті: 5 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль еншіледік. Русланхан Мәдіханов (69 келі), Арман Тойбағаров (77 келі), Евгений Макшанцев (+94 келі) және Рамазан Құсайыновтың (-94 келі) құрметіне Қазақстанның әнұраны шырқалды.
Тимур Сыдықов (69 келі), Дидар Бәкіжанов (84 келі) және Мұрат Бермұхаметов (94 келі), Еркебұлан Алтынбеков (+94 келі) әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Айбар Есенғалиев (+94 келі) қола медальмен марапатталды.
Қазақстандық күрескерлер тағы 4 жүлдені жеңіп алды: Жәнібек Әбу-Бәкір (62 келі) – «алтын», Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (77 келі) және Әйгерім Төреғожина (48 келі) – «күміс», Аслан Қанатбеков (62 келі) – «қола».
Моңғолияда өтетін джиу-джитсудан 2023 жылғы әлем чемпионаты 21 шілдеде аяқталады.
Жаңалықтар
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады