Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты
Түркістан облысында үш көліктің қатысуымен болған жол апатынан 9 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алды.
Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«17 шілде күні сағат 9.00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Шаян ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Облыстық тас жол Екпінді-Созақ бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter көліктері соқтығысқаны анықталды. Оқиға салдарынан көліктер өртенді. Ол жерде 9 адам қаза тапты, 13 адам ауруханаға жеткізілді, екі адам медициналық көмек көрсетуден бас тартты» делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, апат Nissan көлігінің қарсы жолаққа шығып кетуі салдарынан болған.
«Қазір оқиға орнында Түркістан облысы ІІД жол полициясы басқармасы басшылығы жүр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр» деп хабарлады полицейлер.
Қазір Түркістан облысы жол полициясы басқармасының басшылығы жол-көлік оқиғасы орнында жүр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы» бойынша ҚР ҚК-не тіркелді.
Жаңалықтар
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады