Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысы қамауға алынды
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысы Дамир Жүнісов пандемия кезінде мемлекеттің шамамен 240 млн теңгесін «адамдар тобымен алдын ала сөз байласып иемденді немесе талан-таражға салды» деген күдікке ілінген. Тергеу соты күдіктіні үйқамаққа жіберді. Прокуратура соттың қаулысымен келіспейді.
Облыстық соттың Orda.kz тілшісіне хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінен облыстық тергеу сотына өтінішхат түскен. Департамент облыстық қоғамдық даму басқармасының бұрынғы басшысы 33 жастағы Дамир Жүнісовті қамауға алуды сұраған.
Қаулыға қарағанда, Жүнісов басқарма басшысы қызметін атқарған кезде 11 кәсіпкермен алдын ала сөз байласқан. Басқарма басшысының орынбасары Жақыпбековпен бірге пандемия кезінде енгізілген бірнеше ереже талабын қасақана бұзып, «заңсыз жолмен пайда табу қылмыстық ойын қасақана іске асыру мақсатында мемлекеттің сеніп тапсырылған бөтен мүлкін бірнеше рет адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшердегі 239 871 438 теңгені иемденіп немесе талан-таражға салған» деген күдікке ілінген.
Оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабымен (189-бап) қылмыстық іс қозғалған.
Жүнісов 13 қаңтар күні ұсталған, 15 қаңтар күні облыстық тергеу соты оны үйқамаққа жіберу туралы қаулы шығарған. Сот оның кәмелетке толмаған баласы және бұрын сотты болмағанын ескерген.
Жүнісов сотта «кінәсін толық мойындап, шынайы өкінетінін айтқан».
Бұл іс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті тергеуді 2022 жылдың маусым айынан бастаған. Алғашында Жүнісов іс бойынша «қорғануға құқығы бар куә» ретінде тартылған.
Жүнісовтің үйқамақта екенін оның қорғаушысы растады. Бірақ тергеу сотының қаулысымен прокуратура келіспей, апелляциялық шағым түсірген.
Дамир Жүнісов Шымкент және Түркістан облысында бірнеше лауазымды қызмет атқанған. Соңғы рет Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарған.
Жаңалықтар
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды