«ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілердің жаман әдетіне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасап, жол бойындағы, әсіресе дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық компания өкілдері республикалық маңызы бар автожолдарда жылы және суық санитарлық тораптар жұмыс істейтінін, оларды күн сайын мыңдаған жүргізуші мен жолаушы пайдаланатынын еске салды.
Мамандардың айтуынша, кейбір нысандарда адамдар кезек күткісі келмей, дәретхананың артына барып дәрет сындыратын жағдайлар көбейген.
«Соның салдарынан аумақ ластанып, жағымсыз иіс пайда болады, қоқыс жиналып, санитарлық талаптар бұзылады», деп мәлімдеді компания.
Осыған байланысты қазақстандықтардан айналадағы адамдарға құрметпен қарап, қарапайым мәдениет пен гигиена ережелерін сақтауға шақырды.
Мамандар жүргізушілер мен жолаушылардан аздап күтуге тура келсе де, санитарлық тораптарды пайдалануды, аумақта қоқыс пен дәретхана қағазын қалдырмауды, ортақ пайдалануға арналған мүлікті бүлдірмеуді, тазалықты күн сайын қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрады.
Айта кету керек, Қазақстанда жол бойындағы дәретханалар мәселесі әрдайым өзекті тақырыптардың бірі болып келеді.
Былтыр Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астана-Бурабай тас жолында жабық тұратын және жұмыс істемейтін әжетханалар бар деген шағымға түсініктеме беріп, әжетханаларды жеке өзі тексеретінін айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық