Талдықорғанда оқушыға жабылған 3 қыз тағы бір адамды ұрды
Әлеуметтік желіде Талдықорғанда оқушы қызды жабылып ұрған үш қыздың тағы бір адамды соққыға жыққан видеосы пайда болды.
Бұл туралы EGOV.PRESS telegram-арнасы хабарлайды.
«Арнайы Жетісу өңірінің ПД үшін сол Талдықорған қаласының қыздарының екінші көрінісін ұсынамыз. Бұл жолы да кінәлілер айыппұл мен кешірім сұрау арқылы жауапкершіліктен жалтармақ па?» делінген хабарламада.
Еске салсақ, Талдықорғанда оқушы қызды топ болып ұрып-соғуға қатысты жанжал өршіп тұр. Полиция осы оқиғаға қатыстылардың барлығын анықтады.
Әлеуметтік желіде жасөспірім қызды соққыға жыққан видео тарады. Кадрда оны жұдырықтап ұрып, тепкілеп жатқан үш оқушы қызды көруге болады. Видеоны көргендер бұл жайтқа наразылық білдіріп, полициядан шара қолдануды талап етті.
Видеоға қатысты жергілікті полиция шара қолдануға кірісті. Ведомствоның хабарлауынша, видео 9 қаңтарда Талдықорғандағы «Самал» шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде түсірілген. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, олардан жауап алынды.
«Олардың барлығы облыс орталығы мен Қаратал ауданындағы түрлі оқу орындарында оқитын кәмелетке толмағандар. Жанжалдың себебі әлі анықталып жатыр. Жәбірленуші өзінің өкілімен (әжесі) бірге ресми түрде полицияға шағымданудан үзілді-кесілді бас тартты. Осыған қарамастан, аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») әкімшілік іс қозғалды» деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, полицейлер соққыға жығуға қатысты күдіктілердің материалы әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының қарауына жіберілгенін айтты.
Осы оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы да пікір білдірді. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде облыс әкімдігінің білім басқармасының, құқық қорғау органдарының, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды.
«Олар оқитын оқу орындарының тәрбие жұмысы тексеріледі. Зардап шеккен жасөспірімге барлық қажетті психологиялық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, күш қолданған оқушыларды одан әрі оқыту мәселесі қарастырылады» деді баспасөз қызметіндегілер.
Жаңалықтар
- АҚШ шабуылынан кейін: Иран Иордания, Кувейт және Бахрейндегі америкалық базаларға соққы жасады
- Қазақстандықтарға банк қосымшалары арқылы салық органдарынан хабарлама келуі мүмкін
- Үш ел Израиль-Палестина бейбітшілігін қолдауға арналған арнайы қор құрды
- Қытайдың оңтүстігінде болған жарылыс салдарынан 7 адам қаза тапты
- АҚШ Иран аумағындағы нысандарға жаңа соққылар жасай бастады
- Шахматшы Бибісараға қатысты дауға министрлік жауап берді
- Тоқаев АҚШ президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
- Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева президенттен көмек сұрады
- Парсы шығанағы елдері Иранның Иордания, Кувейт және Бахрейнге жасаған шабуылдарын айыптады
- Қарасай ауданы сусыз қалды: Тұрғындар жылда қайталанатын мәселе әбден мезі қылғанын айтты
- Қазақстандағы несиелерге не болып жатыр: Ұлттық банк жағдайды түсіндірді
- Арқалықтық блогер әйелдерге қатысты жыныстық қылмыстар үшін 10 жылға сотталды
- Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім көз жұмды
- 20 жыл бойы «қара тізімде» болған Қырғызстан үшін Еуропа аспаны ашылды
- Тергеудегі Тәшиев көпшілік алдына шығып Жапаровты мақтады
- Сүйіп, порно көрсетті: 15 жастағы қыз атасы жасаған анайы қылықтарды айтып берді
- АҚШ Иранға қарсы жауапты соққы берді: Ормуз бұғазындағы шиеленіс күшейді
- WornerBros фильмдерін ақшаға көрсетіп, қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам сотталды
- Маңғыстаудағы жартас мешітінің тарихи келбеті қалпына келтірілді: Пластик терезелер мен есіктер алынып тасталды
- Қазақстанда іздеуде жүрген 371 шетелдік анықталды, 107 адам ұсталды