Шымкентте қайтыс болған студенттің анасы айыпталушыларға кешірім берді
Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің жатақханасында 16 жасар Дүйсен Нұрхатты ұрып өлтірген екі студентке марқұмның анасы кешірім беретінін мәлімдеді. Бұл туралы сот залынан Orda.kz тілшісі хабарлады.
Іске судья Дәурен Сайханов төрағалық етуде. Жәбірленуші ретінде марқұмның анасы, айыпталушы ретінде аталған колледждің екінші және үшінші курс студенті танылған.
Айыпталушылар Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен (106-бап) күдікке ілінген.
Сот отырысына айыпталушылар айдауылмен тергеу изоляторынан жеткізілді. Оларды көргенде марқұм студенттің анасы үнсіз көзіне жас алды.
Күдіктілермен бірге олардың заңды өкілдері ата-аналары қатысып жатыр. Судья Сайханов тараптардан журналисті іске қатыстыру туралы пікірін сұрады. Бір қорғаушы мұны соттың қарауына қалдырды, прокурор, адвокаттар, сотталушылар мен олардың заңды өкілдері, жәбірленуші қарсылығын білдірді. Десе де судья айыпталушылардың кәмелетке толмағанына байланысты оларды фото-видеоға түсіруге тыйым салып, журналистерді іске қатысуына рұқсат берді.
Судья сот тергеуін бастамастан бұрын тараптардың талап-тілегін тыңдады. Адвокат сотқа марқұмның анасы нотариус арқылы негіздеп айыпталушыларға кешірім бергені туралы арызын оқыды.
— Мұнда жәбірленуші айыпталушыларға (күдіктілердің кәмелет жасқа толмауына байланысты аты-жөні жазылмайды – ред.) ешқандай дауы жоқ екені жазылған. Кешірім беретіні, материалдық, моральдық шығын өтелгенін айтқан,- деді адвокат.
Судья арызды іске тіркеместен бұрын жәбірленушіден бұл арызды өз еркімен жазған, жазбағанын сұрады. Марқұмның анасы «ешкім мәжбүрлемеді, кешірім беремін» деді.
Судья содан кейін арызды іске тіркеді.
Істі қарау 27 қаңтарға қалды.
2022 жылдың қыркүйек айында Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің жатақханасында 16 жасар Дүйсен Нұрхат кеудесі мен иығына тиген соққыдан қайтыс болған.
Марқұмның туыстары бұған дейін одан әлдекімдер күш көрсетіп, ақша алып отырғанын мәлімдеп, колледж әкімшілігін кінәлаған. Кейіннен оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен екі студент қамауға алынған. Марқұм отбасындағы бес баланың екіншісі, төрт қыздың ішінде жалғыз ұл болған.
Жаңалықтар
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды