Шымкентте полиция бейімдеу орталығына жіберген қыз үйіне қайтарылды
Шымкент қалалық полиция департаменті жоғалып, бір аптадан соң тауып қалалық кәмелет жасқа толмаған балаларды бейімдеу және оңалту орталығына өткізген 15 жасар Анел үйіне қайтарылды.
Қала бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жанетта Жазықбаеваның хабарлауынша, жасөспірім қыз анасына оралған. «Қыздың отбасы бақылауда болады» деді уәкіл.
Анелдің үйіне келгенін оның анасы Orda.kz тілшісіне растады. Оның (аты-жөні жазылмайды - ред.) айтуынша, қызын қайтару үшін тиісті құжаттардың бәрін өткізген. Қазір қыздың жағдайы қиын.
- Не істерімді білмей отырмын. Қызым ешкіммен сөйлеспейді. Тұйық. Жанынан кетпей отырмын. Арнайы психолог жұмыс істейді деп еді. Одан да хабар жоқ. Жоғалған қызыммен бірге табылған екі жігіттің жайы не болғаны белгісіз. Прокуратураға жазған арызыма жауап берілмеді, - деді ол.
30 желтоқсанда Шымкентте 15 жасар қыз үйінен ұрысып шығып кеткеннен бір аптадан соң табылған. Полиция қыз үйіне барудан бар тартқанын айтып оны кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу және оңалту орталығына орналастырған. Полицияның әрекетіне қыздың анасы келіспеген. Көп өтпей іске Шымкент қаласы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл араласқан. Ол жасөспірім қызбен екі жігіттің ұсталып, босатылғанын мәлімдеген.
Жаңалықтар
- Елімізде жүргізушісіз көліктер сынақтан өткізіледі
- Өзбекстан алғашқы жерсерігін ұшырды
- Алматыдағы «Теремки» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіттің екі адамды соққы астына алған видеосы тарады
- 1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ болмайды. Олардың орнына не енгізіледі?
- «ҚазАвтоЖол» жүргізушілер мен жолаушыларды дәретхана маңында тазалық сақтауға шақырды
- Ғалымдар кондиционерсіз бөлмені салқындататын материал жасады
- Тоқаевтың 30 жылдан бері айтқан ой-толғамдары бір кітапқа топтастырылды
- Ақтауда жасөспірімдер оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген
- Айыппұл арқалаған миссионер Дарын Мубаровтың сұхбатына құқықтық баға беріледі
- Атыраудағы қасірет: Үш жасар қыз анасының өліміне куә болған
- Қазақ киносының көрнекті тұлғасы – Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті
- Қаскелеңде 11 жастағы баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот басталды
- АҚШ бақылаудан шыққан ЖИ-ді шұғыл өшіретін заң дайындап жатыр
- Көктал ауылы көмек сұрауда: Тұрғындар мектепсіз, көпірсіз, ауруханасыз өмір сүріп жатыр
- Мұнай бағасы күрт төмендеп, Brent маркасы 79 доллардан түсті
- Министрлік мәліметі: Жалған дипломды қалай ажыратамыз?
- Әншілерді «шайтанның жаршысы» деген тойдағы қонаққа қылмыстық іс қозғалды
- Елге шетелден көлік әкелуге тыйым салына ма?
- Шетелдегі сталкинг: Қазақстан тумасы Түркияда пышақталған
- Музыканың бәрі харам емес: ҚМДБ «пәтуа айтқыш уағызшылардың» сөзін жоққа шығарды