Шерзаттың сотындағы куәгер Нұрбекова күдікті болуы мүмкін – адвокат
Фото: Orda.kz
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев куәгер Нұрбекованың жауаптарындағы қайшылықтарға назар аударып, оның жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Мейірман Шекеев:
«Нұрбекова берген жауаптарына байланысты тергеу аяқталған соң тиісті өтініш хат түсіріп, сот оған қатысты шешім қабылдауы мүмкін», — деп пікір білдірді.
Сонымен қатар, журналистің сұрағына жауап бере отырып, Шекеев куәгер статусынан күдіктіге ауысуы мүмкін екенін атап өтті:
«Мүмкін, бірақ нақты айта алмаймын, бірақ олай болуы да ықтимал», — деді Шекеев.
Куәгер бұған дейін мылтық Нұрқанаттың қолында болғаны туралы айтты. Шекеев бастапқыда Нұрбекова мылтықты жас бала ұстап тұрғанын айтқанын, бірақ кейін бірнеше рет басқаша жауап бергенін айтты. Оның айтуынша, Нұрбековаға қатысты 6 тергеу әрекеті жүргізілген және ол сұрақтарға жауап берерде қазақ тілін таңдаған. Сонымен қатар, Мейірман Шекеев өз қызметіне ақысыз кіріскенін, бірақ кейін қоғамдық бірлестікпен келісім жасалғанын айтты. Шекеевтің сөзінше, бірлестік байланысқа шығып, жол шығынын төлеуге ұсыныс жасаған.
Сонымен қатар, адвокат қару кімде екенін сұрауға қатысты пікір білдірді. Ол сот тергеуі жаңа басталғанын айтып, қазіргі уақытта алдын ала қорытынды жасау мүмкін емес екенін атап өтті. Әр тарап өзіне қажетті сұрақтар қойып жатқанын жеткізді.
Бұған дейін Orda.kz Нұрбекованың сөздері бір-біріне қарама қайшы болғанын және мылтықты марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың қолынан көргенін айтқанын жазған болатын.
Сот отырысы өтіп жатыр. Orda.kz тілшісі сотқа қатысып, тікелей ақпарат таратады.
Еске сала кетейік, өткен сот отырысында негізгі куәлердің бірі — Эльмира Нұрбековадан жауап алынған болатын.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып, жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын көргенін айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куәгер болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Сонымен қатар басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов та куәлік берді. Ол «Хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты полицияға оның жақындары ұстаңдар деп айтпағанын мәлімдеді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен бас прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық