Серікзат Дүйсенғазы ұлының оқыс жағдайдан қаза тапқанына күмәнданып отыр
Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы жалғыз ұлының шаңғы теуіп, оқыс жағдайдан өлгеніне күмән келтіріп отыр. Айтуынша, ұлы шаңғы тебуді өте жақсы меңгерген.
Ақын оқиға орнынан куәгерлер іздеп, өзінің Facebook парақшасында жазба жариялады.
Сонымен қатар, шаңғы базасының қызметкерлері құлаған ұлын бір жарым сағаттай таудан төменге түсірмей, алғашқы медициналық көмек көрсетпей, тығып ұстағаны көкейге күдік ұялататынын жеткізді.
Алдымен ақын қайғыға ортақтасқан қазақ еліне алғысын айтқан. Сондай-ақ, ол баласының көп жетістігін бөліспегендігімен енді танысып жатқандығын жеткізді.
«Жоғары математика мен физиканы жақсы меңгерді. Тіпті, оның жасаған өнертапқыштық жобаларын өткен жазда «Қазақстан» ұлттық арнасы түсіріп, эфирден көрсеткенін енді ғана біліп отырмын. Маған ол туралы өзі айтқан жоқ. Мақтанғанды ұнатпайтын. Арманы Никола Тесла сияқты инженер-өнертапқыш ғалым болу еді... Әлиханымның тәп-тәуір ақын болғанын да өткенде ұстаздары жіберген өлеңдерінен таныдым.
Бұрынырақта балаң өлеңдер жазып жүргенін білетінмін. Өлеңді қазақша да, орысша да жазатын. Әсіресе, орыс тілі мұғалімі жіберген кейінгі өлеңдерінен қалыптасқан ақынның қолтаңбасын көріп аң-таң болып отырмын. Ол өлеңдерді кейінірек осы желіге саламын» делінген хабарламада.
Ақын шаңғыны жақсы тебетін ұлының ағашқа қандай жағдайда соғылғаны беймәлім екенін жазған.
«Сол соңғы рет тауға көтеріліп бара жатқанын анасы түсірген видео бар. Ары қарай не болғанын біз білмейміз. «Елікті» шаңғы базасының қызметкерлері бір жарым сағаттай құлаған баланы таудан төменге түсірмей, алғашқы медициналық көмек көрсетпей, тығып ұстағаны көкейге күдік ұялатады. Сондықтан оқиға болған сәтті көрген куәгерлерді іздеп жатқанымыз рас. Иә, баламыз енді қайтып оралмас. Бірақ басқа адамдар да біздің күйімізді кешпесе екен деп алаңдаймыз. Себебі, шаңғы базасында ешқандай техникалық қауіпсіздік сақталмаған.
Мыңдаған адам сырғанап жатқан жерде алғашқы көмек көрсететін дәрігерлері де жоқ. Ол былай тұрсын, баласын жоғалтып шырылдаған ата-анаға ешкім жауап бермей, бір-біріне сілтегенін қалай түсінеміз? Сол «Елікті» ештеңе болмағандай әлі жұмыс істеп тұрған көрінеді. Біздің елде адамның құны жоқ екені, ешкім ештеңеге жауапты емес екені осыдан-ақ білінбей ме? Сондықтан біздің мемлекеттік органдар осындай демалыс орындарының техникалық қауіпсіздігін тексеру керек деп санаймын. Оны бұқаралық ақпарат құралдары түсіріп, халыққа жариялау керек. Онсыз да ат төбеліндей аз қазақпыз. Қырып тастай беретін артық адам жоқ бізде!» делінген ақынның хабарламасында.
Еске салайық, 4 қаңтарда айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы Әлихан есімді ұлы оқыс жағдайда қайтыс болғаны белгілі болған.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті
- Алматыда үш әйелі бар екенін жарияға жар салып жүрген ер адам жауапқа тартылды
- Венесуэланың бұрынғы президенті Мадуроға қатысты сот 2027 жылы басталады
- Қазақстан байланыссыз қалуы мүмкін: Үкімет жаңа спутникке он млрд бөлді
- Вашингтон мен Эр-Рияд келісімі: АҚШ тағы да бұрынғы қатесін қайталап жатыр ма?
- Ұмыт болған дәстүр қайта жаңғырды ма? Күйеу баланың үш рет тәжім етуі
- Жол апатынан тоғыз жасар бала қаза тауып, үш адам жарақат алды
- Балаева «Ахуал сегодня» YouTube-арнасы журналисінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
- Трамп Сауд Арабиясымен ядролық келісімге келді
- Аида Балаева қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретінін мәлімдеді
- Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шығады
- Болат Назарбаевтың мұрагерлеріне қойылған талап сотта қайта қаралады
- Алматыда 28 отбасы баспанасыз қалды: Тұрғындар әділдік талап етеді
- «Жүрегі төрт рет тоқтады, құжатқа бір рет деп жазды»: Ақтаудағы баланың өліміне қатысты жаңа мәлімдеме
- Басын кесіп, мұздатқышқа жасырған: Хромтаудағы жантүршігерлік кісі өлтіру ісіне нүкте қойылды
- Құсбегіден қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс тәркіленді