Алматыда 28 отбасы баспанасыз қалды: Тұрғындар әділдік талап етеді
Фото: Orda.kz
Алматыда 28 отбасы баспанасыз қалып, миллиондаған теңге шығынға батты. Зардап шеккен тұрғындар бұл жағдайға ірі банктің менеджерлері де қатысы болуы мүмкін деп есептейді. 22 шілде күні осы тақырыпта баспасөз конференциясы болды, Orda.kz тілшісі қатысып қайтты.
2021 жылы үлескерлер Қарағайлы шағынауданындағы «Эрис» тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алып, ақысын толық төлеген. Олар құрылыс салушы «Тополов Групп» компаниясына жалпы 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат берген. Кейін адамдарға пәтер кілттері ресми түрде табысталып, олар жөндеу жұмыстарын бастап, балаларымен жаңа үйлеріне көшкен.
Алайда 2025 жылы тұрғындар күтпеген жағдайға тап болған. Олардың айтуынша, адамдар жаңа пәтерлерін жайлап реттеп жатқанда, құрылыс салушы тұрғын үй кешенін жасырын түрде пайдалануға беріп, пәтерлерді басқа тұлғалардың атына рәсімдеген. Кейін 22 пәтер Bank CenterCredit банкіне кепілге қойылған.
Үлескерлердің айтуынша, банк бұрыннан сатылып кеткен пәтерлерді кепіл ретінде қабылдап, құрылыс салушыға 1,5 миллиард теңге көлемінде несие берген.
Тұрғындардың бірі 2022 жылы «Айрис» тұрғын үй кешенінен «Галерея новостроек» арқылы пәтер сатып алғанын айтады.
«Біз жөндеу жұмыстарын бастадық, үйдің пайдалануға берілуін күттік. Құрылыс салушы Тополов тұрғын үй кешенін жақын арада пайдалануға береміз, сонда пәтерлерімізге кіресіздер деп уәде етті. Бірақ жөндеу жасап жүрген кезде пәтерімнің Асланбек Усманов деген адамға сатылып кеткенін білдім. Қазір ол менің пәтерімнің толық иесі болып отыр», — дейді ол.
Тағы бір тұрғын несие рәсімдеу кезінде күмәнді жағдайлар болғанын айтты.
«Несиелер табысы жоқ адамдардың атына рәсімделген. Күмәнді келісімшарттар жасалған. Қаражат құрылыс материалдарын сатып алуға берілген, сонымен қатар бірден төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі жасалған», — деді ол.
Үлескерлердің бірі пәтерді сатып алуға жиналған ақшаның отбасы үшін өте маңызды болғанын айтты.
«Біз бұл пәтерді 2021 жылы қолма-қол ақшаға сатып алдық. Бұл ақша інімнен айырылғаннан кейін, оның артында қалған төрт жетім балаға көмек ретінде халық жинаған қаражат еді. Пәтерді алдық. Содан бері бес жылға жуық уақыт жалдамалы үйде тұрып, құжаттарды күттік. Үй бітіп, енді көшетін шығармыз деп үміттендік. Бірақ дәл осы кезде банк өкілдері келіп, бұл пәтерлер өздеріне тиесілі екенін айтты. Себебі құрылыс салушы Тополов бұл үйлерді сатып жіберген», — дейді ол.
Тағы бір зардап шеккен тұрғын өзінің отбасы мемлекетке сенгенін айтты. Оның айтуынша, жолдасы екеуі Қазақстанның шайбалы хоккейден ұлттық құрамасында ойнаған.
«Мен мемлекет бізді осылай қалдырады дегенге сенгім келмейді. Жолдасым екеуміз өмірімізді Қазақстанға арнадық. Біз ұлттық құрама сапында халықаралық ареналарда елдің туын көтердік. Барлығына өз еңбегімізбен жеттік», — дейді ол.
Оның айтуынша, отбасы пәтер алу үшін көп нәрседен бас тартып, қаражат жинаған.
«Біздің бай ата-анамыз немесе байланысымыз болған жоқ. Барлығын ауыр еңбекпен таптық. Пәтерді «Галерея новостроек» арқылы алдық. Тополовпен жеке кездесіп, үй құрылысы аяқталуға жақын кезде сатып алдық. Барлық талаптарды орындадық, ақшаны жинап, мүлкімізді сатып, төледік. Балаларымызды өз үйімізде өсіргіміз келді», — дейді ол.
Тұрғынның сөзінше, 2025 жылдың мамыр айында пәтерінің Тополовтың серіктесі Исланбек Усмановтың атына рәсімделгенін білген.
«Сол кезде мен жаңа ғана босанған едім. Осы жағдайдан кейін қатты күйзеліске түстім. Тіпті сүтім тартылып қалды. Бұл стресс әлі күнге дейін жалғасып келеді», — дейді ол.
Үлескерлердің айтуынша, Тополов 2023 жылдың желтоқсанында, тұрғындарға үй жақында пайдалануға беріледі деп айтып жүрген кезде, тұрғын үй кешенін пайдалануға беру актісін және техникалық паспорттарды алып қойған. Алайда ол кезде үйде газ, су және қажетті коммуникациялар болмаған.
Тұрғындардың мәліметінше, кейін пәтерлер құрылыс салушының туыстары, достары, жүргізушілері және басқа да адамдардың атына рәсімделген. Оның ішінде зардап шеккен әйелдің пәтері және тағы шамамен он пәтер Исланбек Усмановқа өткен.
Ал Усманов кездесулердің бірінде пәтерлерді өзі сатып алғанын, үлескерлер туралы білмегенін және Тополовтың оған қарызы болғанын айтқан.
Алайда үлескерлер оның бұл сөздерін растайтын ешқандай құжат немесе дәлел көрсетілмегенін айтады.
«Менде пәтерді өз ақшама сатып алғанымды дәлелдейтін барлық құжат бар. Ал ол тек «бұл менің мүлкім» дейді. Неліктен оның меншігі екенін түсіндіретін ешқандай дәлел жоқ», — дейді тұрғын.
Жәбірленушілердің арасында Шерзат ісінде танылған қорғаушылардың бірі Багдагуль Ажигалиевада бар. Ол өзіңін 20 жылдық тәжирбиесі бар екендігін және осындай жағдайға тап боларын білмегендігін айтып, бұл іске банк қызметкерлерінде жауапқа тартуды сұрады.
Үлескерлер құрылыс салушы мен банк арасындағы даудан қарапайым адамдар зардап шекпеуі керек деп есептейді. Олар істі жан-жақты әрі әділ тергеуді талап етеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық