Алматыда үш әйелі бар екенін жарияға жар салып жүрген ер адам жауапқа тартылды
Сурет: ЖИ
Алматыда әлеуметтік желіде үш әйелімен бірге түскен суреттерін жариялап, көпәйелділікті насихаттаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция оның заңға қайшы контент жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы полициясы әлеуметтік желіде Қазақстан заңнамасына қайшы өмір салтын жария түрде насихаттаған ер адамды анықтады. Полиция мәліметінше, Бауыржан Бақытжанұлы өзінің парақшасында үш әйелімен бірге түскен суреттерін жариялап, оларды «өмірімнің сәні ғана емес, тыныштығым» деп сипаттаған.
«Олардың әрқайсысы – ерекше. Өз мінезі, өз арманы, өз уайымы бар. Мен мінсіз күйеу емеспін. Бірақ күн сайын олар өзін қорғалған әрі сүйікті сезінуі үшін барымды саламын», – деп жазған ол.
Аталған жарияланымнан кейін полиция ер адамға қатысты құқыққа қайшы контент таратқаны үшін әкімшілік хаттама толтырды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, профилактикалық әңгімеден кейін ол әлеуметтік желідегі жарияланымдарын өз еркімен өшірген.
Оқи отырыңыз:
Ұмыт болған дәстүр қайта жаңғырды ма? Күйеу баланың үш рет тәжім етуі
Қазақстан байланыссыз қалуы мүмкін: Үкімет жаңа спутникке он млрд бөлді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық