Венесуэланың бұрынғы президенті Мадуроға қатысты сот 2027 жылы басталады
Фото: Бейнеден кадр
АҚШ-та Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты есірткі саудасы бойынша қылмыстық істің соты қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы федералдық соттың судьясы Элвин Хеллерштейн Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты қылмыстық істі қарауды 2027 жылғы 1 маусымға белгіледі.
Сот отырысының алдын ала тыңдалымы шамамен 20 минутқа созылды. Түрмеден күзетпен жеткізіген Мадуро мен Флорес өздеріне тағылған айыптарды мойындамады.
Мадуроға есірткі саудасын ұйымдастыруға сөз байласу және АҚШ-қа кокаин жеткізуге қатысы бар деген төрт ауыр қылмыстық айып тағылған. Егер кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қорғаушы адвокат Барри Поллак істі тоқтатуды сұрайтынын айтты. Оның сөзінше, Мадуро мемлекет басшысы ретінде қылмыстық қудалаудан иммунитетке ие болғандықтан, бұл іс сотта қаралмауы тиіс.
Судья қорғаушы тараптың алғашқы өтініштерін 2026 жылғы 2 қыркүйекке дейін тапсыруды міндеттеп, оларды қарау бойынша тыңдауды 17 қарашаға белгіледі. Сонымен қатар қорғаушылар дәлелдемелермен танысқаннан кейін қосымша өтініштерді 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін бере алады.
Мадуроның қорғаушылары оның 2026 жылғы 3 қаңтарда Каракаста АҚШ арнайы жасағы жүргізген операция кезінде ұсталғанының заңдылығына да күмән келтірмек. Сол түні АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен арнайы жасақ Мадуро мен жұбайын қамауға алып, кейін Нью-Йоркке жеткізген.
АҚШ билігі Мадуроны ұзақ жылдар бойы Венесуэладағы жоғары лауазымын пайдаланып, халықаралық кокаин тасымалын ұйымдастырды деп айыптап келеді. Ал Мадуро Вашингтонды елдің мұнай қорын бақылауға алуға тырысты деп бірнеше рет мәлімдеген.
Қазіргі уақытта Венесуэланы бұрынғы вице-президент Делси Родригес басқарып отыр. Осы аралықта АҚШ Венесуэланың мұнай секторына салынған санкциялардың бір бөлігін жеңілдетіп, шетелдік компаниялар елдегі мұнай-газ жобаларын кеңейте бастады.
Оқи отырыңыз:
Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
Вашингтон мен Эр-Рияд келісімі: АҚШ тағы да бұрынғы қатесін қайталап жатыр ма?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық